20.01.2012, 15:52 3247

Жаңа мәжіліс комитеттерінің төрағалары сайланды

Бесінші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында палата комитеттерінің жаңа төрағалары сайланды

Астана. 20-қаңтар. Kazakhstan Today - Бесінші шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында палата комитеттерінің жаңа төрағалары сайланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі аграрлық мәселелер жөніндегі комитет төрағасы етіп депутат Ромин Мәдиновті, әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы етіп депутат Дариға Назарбаеваны, заңнама және сот-құқықтық реформа жөніндегі комитет төрағасы етіп депутат Рахмет Мұқашевты, қаржы және бюджет комитетінің төрайымы етіп депутат Гүлжан Қарағұсованы, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы етіп депутат Зейнолла Алшымбевты, экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің төрағасы етіп депутат Александр Милютинді, экономикалық реформа және аймақтық даму комитетінің төрағасы етіп депутат Сейітсұлтан Айымбетовты тағайындау жөнінде қаулы етті", - деп жариялады Н.Нығматулин.

Мәжіліс комитеттерінің атаулары мен саны бұрынғы күйінде қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны