18.01.2013, 13:01 2937

Жаңа министрлік қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру үшін барлық жағдайды жасауы тиіс

"Өңірлік даму министрлігінің қызметі өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуеттерін, ел экономикасы салаларының әлеуеттерін тиімді пайдалану арқылы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге жағдай жасауға негізделеді", - деді С.Ахметов өз сөзінде.

Астана. 18-қаңтар. Kazakhstan Today - Жаңадан құрылған Өңірлік даму министрлігінің қызметі тиімді өңірлік саясатты қалыптастыруға, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуеттерін қазақстандықтардың әл-ауқатын әрі қарай арттыру мақсатында пайдалануға бағытталатын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы кеше Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мәлім етті.

"Өңірлік даму министрлігінің қызметі өңірлердің әлеуметтік-экономикалық әлеуеттерін, ел экономикасы салаларының әлеуеттерін тиімді пайдалану арқылы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз етуге жағдай жасауға негізделеді", - деді С.Ахметов өз сөзінде.

"Екі агенттіктің қосылуына орай, Өңірлік даму министрлігі енді "Өңірлерді дамыту", "Қолжетімді тұрғын үй 2020", "Жұмыспен қамту 2020", "Ақ бұлақ", ТШК жаңғырту және моноқалаларды дамыту бағдарламаларын іске асыру жөніндегі бірыңғай үйлестірушіге айналады", - деп атап көрсетті Үкімет басшысы.

"Жаңадан құрылған мемлекеттік органдар Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру жөніндегі қажетті басқа да шараларды қабылдаулары керек. Барлық ұйымдастыру мәселелерін шешіп, жұмысқа дереу кірісуіміз керек. Президент алдымызға маңызды міндеттер қойып отыр, және ол міндеттер нақты, сапалы және белгіленген мерзімде орындалуы тиіс", деп міндеттеді С.Ахметов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны