26.10.2016, 15:18 3762

"Жаӊа өзенге - жаӊа серпін" жобасы аясында атамекендіктер Рахат ауылы тұрғындарын кәсіпкерлікке шақырды

"Атамекен" ҰКП жедел жұмыс тобы "Жаӊа өзенге - жаӊа серпін" жобасы аясында Рахат ауылыныӊ тұрғындарымен кездесті.

Астана. 26 қазан. Kazakhstan Today - "Атамекен" ҰКП жедел жұмыс тобы "Жаӊа өзенге - жаӊа серпін" жобасы аясында Рахат ауылыныӊ тұрғындарымен кездесті. Зерттеулер нәтижесінде Рахат ауылы ауыл шаруашылығы саласына бейім екені белгілі болды. Сол себепті мал өсіру, егін егіп, жылыжайлардан өнім шығару жайында мамандар талдап айтып берді. Бизнесті қалай бастау керек екендігін де түсіндіріп, арнайы жүргізіліп жатқан бір айлық куртстарға да шақырды.

ҚР "Атамекен" ҰКП кеӊесшісі Бауыржан Құрманов: "Асыл тұқымды мал ұстап отырып, егін егетіндер субсидия алып отыр, ал қарапайым мал өсірумен айналысатындар жоқ екен. Соған байланысты негізі несие беру, қаржы беру мамандары бар, соныӊ ішінде малдарыӊызды қалай асылдандыру керек, аман сақтау, өсіру туралы мағлұмат қажет тапсаӊыздар біздіӊ жұмысшы топтыӊ 1 ай бойы қызмет ететін орталығына келіп барлық ақпаратты алуға мүмкіндіктеріӊіз бар", - деп, тұрғындарын жедел жұмыс тобыныӊ жұмысымен таныстырып өтті.

Кездесу барысында Ауыл тұрғындарын мазалағансауалдар өте көп қозғалды. Олардыӊ бірі колға алған ісініӊ тұралап қалғанын жеткізсе, бірі шарушылық үшін жер сұрады. Жаӊадан іс бастаймын деген талпыныс болғанымен, осы уақытқа дейін құжаттарын реттеуде қиындық туындап келгендер де сөз алды. Солардыӊ бірі кәсіпкер Балтабай Бектемісов: "Жүйем бар, бірақ соған көп кедергі бар. Барлығы құжат рәсімдеу жөнінде. 2008 жылы бастаған үлкен көкөніс супермаркетін саламыз деген арманымыз да болды. Соны әлі жетілдіре алмай отырмын. Мына жұмыс тобына әлбетте барамын. Сол жүйе бітсе жақсы болар еді", - деп, үлкен бизнес жобасына кезіккен кедергілерін де жасырмай, бірқатар ұсыныстар тастады.

Жалпы Рахат ауылында 32 мыӊнан аса тұрғын бар. Оныӊ 8 700-сі еӊбекке жарамды. 160 адам ауылында кәсібін ашып, бірнеше тұрғындарды жұмыспен қамтып отырғаны белгілі болды. Алайда кәсіпкерлерге қолдау көрсету орталығына 21 ғана адам жүгінген. Мұныӊ осыншама тұрғыны бар ауыл үшін аз екенін айтқан мамандар, оларды орталыққа яғни Жаӊаөзен қалалық әкімдігі жанындағы Неке сарайы ғимаратында күтетінін жеткізді.

"Жаӊа өзенге - жаӊа серпін" бағдарламасыныӊ жұмысы жүргізгізілгеніне бір апта болды. Осы аралықта 300-ге жуық адам мамандардыӊ алдына келген. Олардыӊ ішінде өз ісін бастағысы келгендер де, кәсібініӊ тасын өрге домалатып жүргендер де бар. Олар түрлі мәселер бойынша сауалдар қойып, мамандар кеӊесіне жүгінген. Алдағы уақытта жұмысшы топтыӊ көмегіне сүйеніп, өзекті мәселесін оӊтайлы шешкен кәсіпкерлер қатары арта түсетініне сенім мол.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны