21.02.2008, 16:32 3020

Жаңа салық кодексі экономиканың шикі зат емес секторына шетелдік және ішкі инвестициялардың құйылуын қамтамасыз ету керек -Мәсімов

Жаңа салық кодексі экономиканың шикі зат емес секторына шетелдік және ішкі инвестициялардың құйылуын қамтамасыз ету керек -Мәсімов

Астана. 21 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа салық кодексі экономиканың шикі зат емес секторына шетелдік және ішкі инвестициялардың құйылуын қамтамасыз ету керек, мұндай пікірді бүгін премьер министр К. Мәсімов ҚР салық органдары қызметкерлерінің форумы барысында білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына жолдауында маңызды басымдықтар ретінде салық жүйесін мемлекеттің жаңа даму сатысына сәйкестендіруді белгіледі. Біздердің алдымызда мемлекеттің бәсекелестігін көтеріп, жеке бизнесті қолдап оған оңтайлы жағдай құру мақсаттары қойылды", - деп еске салды К. Мәсімов.

"Илемдегі барлық мемлекеттер бизнеске барлық жағдайды жасау үшін бар күшін жұмылдырып, күрес жүргізуде. Экономиканың шикізат емес секторына шетелдік және ішкі инвестицияларды тарту мүмкіндігі тек бәсекелестік жағдайы орнатылғанда ғана пайда болады. Ал президент айтқанындай, қазіргі қолданыстағы Салық кодексінің мүмкіндігі таусылды. Онда 170 түрлі жеңілдік пен преференциялары бар және олардың сандары күннен күнге артып отыр. Сондықтан үкімет алдында жаңа Салық кодексін дайындау міндеті қойылып отыр", - деп қосты ол.

Премьердің пікірінше, жаңа кодекс экономиканың жаңартылуы мен диверсификациялауына және бизнестің көлеңкеден шығуына септігін тигізуі керек. "Жаңа кодекс салық төлеушілердің мүддесі мен әкімшіліктендіруді ескеріп, көрсетілген баптарды басқаша түсіну сияқты ақаулықтарды болдырмай, тікелей қолданыстағы заң болуы қажет. Кодексте өмірде қолданылатын барлық нормалар жазылып көрсетілуі керек", - деп есептейді К. Мәсімов.

"Ең бастысы салық кодексінде шағын және орта бизнеске, экономиканың шикізат емес секторының жалпы салық салымдарының төмендетілуі қарастырылуы керек. Бюджетке түспейтін төлемдер елде шығарылатын шикізат есебінен толтырылуы тиіс", - деп жалғастырды ойын үкімет басшысы.

"Біз қысқа мерзім ішінде біздегі барлық деректерді топтастырып, қыркүйек айында парламентке жаңа кодекспен баруымыз керек. Мемлекет басшысы алдымызға қойған барлық мақсаттарды қысқа мерзім аралығында орындауымыз үшін, парламент депутаттары кодекстің бастапқы дайындық жұмыстарына кіріседі деген үміттемін", - деп қорытындылады К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны