13.01.2011, 15:01 3923

Жаңа тұрғын үй құрылысы жаңа қағидалар негізінде жүзеге асуы тиіс - К.Мәсімов

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың пікірінше, мемлекет тұрғын құрылысы саласын реттеу міндетінен бас тартпауы керек.

Астана. 13 - қаңтар. Kazakhstan Today - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың пікірінше, мемлекет тұрғын құрылысы саласын реттеу міндетінен бас тартпауы керек.

Бұл туралы ол бүгін Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің алқа мәжілісінде айтты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Премьер-Министрдің сөзіне қарағанда, жаңа тұрғын үй құрылысы жаңа қағидалар негізінде жүзеге асуы тиіс. "Өйткені 2000 жылдан кейін, яғни құрылыс саласының қарқынды дамыған тұсында бұл салада әлі де болса шешілмеген мәселелердің бар екендігіне көз жеткіздік. Ал осы салада әбден ширыққан проблема мемлекеттің тұрғын үй, құрылыс саласын реттеуден бас тартпауы қажеттігін көрсетті",-деді Үкімет басшысы.

Оның айтуынша, елде банктердің қаржыландыруымен жекелеген азаматтар немесе ұжымдар тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізіліп, оны тұрғындардың сатып алған кездерін көрдік. "Ал осы ретте қандай да бір проблема туындаса, ешкімді де таба алмай қаласың. Содан келіп барлық ауыр әңгіме жергілікті атқарушы органдар мен үкіметке тиеді. Жалпы алғанда, бұл дұрыс та. Өйткені мемлекет осы мәселенің барлығын реттеп отыруы керек. Сондықтан Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің ендігі міндеті осы саладағы тәртіп пен ережелердің барлығын ашық әрі көпшілікке түсінікті ету", деді К.Мәсімов.

Оның сөзінше, осы уақытқа дейінгі тұрғын үй құрылыс саласында қалыптасқан мәселелер Мемлекет басшысының нұсқауымен бөлінген қомақты қаржының арқасында біржақты болды. "Ал болашақта біз осындай мәселелердің туындамауына күш салуымыз қажет", - деді Премьер-Министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны