10.01.2007, 16:51 2882

Жаңа үкіметтің ең маңызды мақсаты Қазақстанды бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу жөніндегі президенттің тапсырмасын орындауға саяды - Мәсімов

АСТАНА. 10-қаңтар. Kazakhstan Today. Жаңа үкіметтің ең маңызды мақсаты Қазақстанды бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу жөніндегі президенттің тапсырмасын орындауға саяды. Бүгін парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз сөйлеген Кәрім Мәсімов осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Меніңше, баса назар аударылатын тағы бірнеше сала бар: үкімет үшін әкімшілік реформаларды жүзеге асыру мен экономиканың, соның ішінде шикізатқа жатпайтын саладағы өнімділікті арттыруға басымдық беріледі",- деді К.Мәсімов.

Оның айтуынша, "экономикалық даму екпінін арттыру үшін үкімет құрылымдық реформалардың екінші кезеңін бастауға тиіс". "Бұл орайда мемлекеттік басқарудағы принциптер сабақтастығы - еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының айрықша маңызды алғышарты",- деді К.Мәсімов.

"Кезінде сіз мені өзіңіздің көмекшіңіз етіп тағайындадыңыз. Мен қазір де сіздің адал көмекшіңізбін және көмекшіңіз болып қала беремін",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны