05.01.2018, 17:21 6070

Жаӊа жыл қарсаӊында Ақтөбе облысында екі жаӊа әлеуметтік нысан ашылды

Родниковка тұрғындары үшін 320 оқушыға арналған жаӊа мектептіӊ ашылуы қуанышты оқиға болды. Бұл күні ауылда мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында салынған жаӊа дәрігерлік амбулатория да тұрғындарға қызмет көрсете бастады.

Ақтөбе. 5 қаӊтар. Kazakhstan Today - Жаӊа жыл мерекесі қарсаӊында Ақтөбе облысыныӊ Мәртөк ауданында екі әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Олардыӊ құрылысы туралы мәселені тұрғындар облыс әкімімен кездесу кезінде көтерген болатын.

Родниковка тұрғындары үшін 320 оқушыға арналған жаӊа мектептіӊ ашылуы қуанышты оқиға болды. Жобаны жүзеге асыруға "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 700 млн. теӊге бөлінген. Үш қабаттан тұратын ғимарат заманауи білім беру талаптарына толық сәйкес келеді: компьютерлік сыныптар, кітапхана, психолог пен логопед мамандарыныӊ кабинеттері, спорт және акт залдары, асхана, физика, биология, химия, информатика кабинеттері бар, төрт интерактивті тақтамен, мультимедиялық жабдықтармен, технология сабақтарына арналған тігін машинасы мен түрлі технологияларға арналған станоктары бар шеберханалармен жарақтанған.

Мектеп ауласында балаларды физикалық тұрғыдан дамытуға арналған жақсы спорттық база жасалған: футбол алаӊы мен жүгіру жолдары бар стадион, волейбол, баскетбол алаӊы, балаларға арналған ойын алаӊы, демалыс аймағы қарастырылған.

Іргесі 1969 жылы қаланған ауыл мектебініӊ ескі ғимараты апаттық жағдайда деп танылып, балалар оныӊ жарты бөлігінде оқуға мәжбүр болды.

Ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі Бердібек Сапарбаев айтқандай әрбір ел дамыған мемлекетке айналуы үшін еӊ алдымен, болашақ ұрпақтыӊ дені сау, мықты болып, лайықты білім мен тәрбие алуын ойластыруы тиіс.

- Президентіміз Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаевтыӊ басшылығымен Қазақстанда 26 жылда, әсіресе, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт саласында көптеген игі жұмыстар жасалды. Біз барлығымыз бұған куәміз. Биылдыӊ өзінде Ақтөбеде 32 мектеп салынып, оныӊ 15-і тапсырылды, соныӊ ішінде сіздіӊ мектеп те бар,-деп атап өтті өӊір басшысы. - Жаӊа жыл қарсаӊында облыс басшылығыныӊ атынан барлығыӊызды келе жатқан жаӊа 2018 жылмен құттықтаймын. Барлығыӊызға денмаулық пен аманшылық тілеймін. Жаӊа жылдарыӊыз бен жаӊа мектеп құтты болсын!

Бұл күні ауылда мемлекеттік - жекеменшік әріптестік аясында салынған жаӊа дәрігерлік амбулатория да тұрғындарға қызмет көрсете бастады. Аумағы 400 шаршы метрді құрайтын амбулатория барлық стандарттарға сай жабдықталған. Мұнда күніне 50 адам медициналық көмек ала алады. Заманауи медициналық мекемеде дәрігерге дейінгі қабылдау, ем-шара, екпе, акушерлік, зарарсыздандыру, тіркеу, медмұрағат кабинеттері және дәріхана мен төрт орындық күндізгі стационар орналастырылған. Жоба құны 95 миллион теӊге.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны