25.12.2007, 15:40 2742

Жаңа жылда төтенше жағдайлар саны 1,5 - 2,5 есеге өседі - Алматының төтенше жағдайлар департаменті

Жаңа жылда төтенше жағдайлар саны 1,5 - 2,5 есеге өседі - Алматының төтенше жағдайлар департаменті

Алматы. 25-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Жаңа жылда төтенше жағдайлар саны 1,5 - 2,5 есеге өседі. Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы генерал-майор Дамир Халиков мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Төтенше жағдайлар санының өсетін кезеңдері болады. Осындай кезеңдердің бірі үлкен мейрамдар болып табылады. Біз өткен жылға талдау жасаймыз, өкінішке орай төтенше жағдайлар саны 1,5-тен 2,5-ке дейін өседі",- деп хабарлады Дамир Халиков.

Оның айтуынша, төтенше жағдайлар ең алдымен "пиротехникалық заттарды пайдаланумен, тұрмыстағы төтенше оқиғалармен байланысты және де мас күйінде көлік жүргізу салдарынан көлік апаттарының да саны өседі". Өткен жаңа жылда (28-желтоқсаннан 2-қаңтарға дейін) 50 төтенше жағдайлар болып, 29 адам зардап шеккен, ал орташа статистикалық аптада 22 оқиға тіркеліп, 4 адам зардап шегеді.

Дамир Халиковтың хабарлауынша, департаменттің мамандары қалалық санитарлық бақылау қызметінің, мемлекеттік стандарт, өнеркәсіп және сауда департаментінің қызметкерлерімен және де полицейлермен бірлесе отырып қалада 1-желтоқсаннан бері пиротехникалық заттарды заңсыз сату деректерін анықтауға қатысты рейдттер жүргізіп, олардың белгіленген талаптарға сай екендігін тексеруде, сондай-ақ оларды пайдалану барысындағы қауіпсіздік шараларын сақтау жөніндегі түсіндірме жұмыстары да жүргізілуде.

Құтқару қызметінің ақпараттарына сүйенсек, өткен жаңа жылы түнде 16 бала және 15 ересек адам пиротехникалық заттардан әртүрлі деңгейдегі жарақаттар алып, күйікке шалдыққан.

Сонымен қатар, Төтенше жағдайлар департаменті бастығының хабарлауынша, мейрам алдындағы және мейрам күндері қалада кезекші топ жұмыс істейді, олардың "дайындық деңгейі 5 - 7 минутты құрайды. Сонымен қатар, дайындық деңгейі 20 - 30 минутты құрайтын резервтік буферлік топ бар, егер олардың барлығын қоссақ 3 - 3,5 мың адам".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны