03.07.2017, 14:13 4192

Жаӊадан сайланған ҚР Парламенті Сенаты депутаттарын тіркеу жөніндегі ҚР ОСК отырысы өтті

Орталық сайлау комиссиясыныӊ отырысы барысында " 2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ депутаттарын тіркеу туралы" қаулы қабылданды.

Астана. 3 шілде. Kazakhstan Today - 30 маусымда Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ депутаттарын тiркеу жөніндегі ОСК отырысы өтті.

Отырысқа көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ тұӊғыш Төрағасы, үш шақырылымныӊ депутаты Өмірбек Байгелді, Жоғарғы Кеӊестіӊ 12-ші және 13-ші шақырылымдарыныӊ депутаты, 1990-1995 жылдары ҚР Жоғарғы Кеӊесі Төрағасыныӊ орынбасары, 1996-1999 жылдарғы Сенат депутаты Зинаида Федотова, ҚР Парламенті Сенатыныӊ жаӊадан сайланған депутаттары, облыстық, Астана және Алматы қалаларыныӊ сайлау комиссияларыныӊ хатшылары, мәслихаттар хатшылары және бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері қатысты.

ҚР ОСК Төрағасы Берік Имашев "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заӊныӊ 82-бабына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламенті Сенатыныӊ сайланған депутаттарды тiркейтін атап көрсетті.

"2017 жылғы 28 маусымдағы Ел Конституциясы мен Сайлау туралы Конституциялық заӊға сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ 16 депутаты сайланды, яғни әр облыстан және Астана және Алматы қалаларынан бір-бірден. Аумақтық сайлау комиссиялары барлық қажетті іс-шараларды Ортсайлауком бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес, сайлау заӊнамасында белгіленген барлық рәсімдерді сақтай отырып өткізілді. Жалпы сайлау науқаны барысында 89 кандидат ұсынылды. Бюллетеньдерге 38 кандидаттыӊ тегі енгізілді. Жалпы айтқанда сайлаушылардыӊ келуі республика бойынша 98,5% құрады. Сондай-ақ сайлауда алғаш рет сайлаушыларды электронды тіркеу өткізілді" - деді Орталық сайлау комиссиясыныӊ төрағасы.

Берік Имашев Сенат депутаттарыныӊ құрамы айтарлықтай жаӊартылғанын атап өтті. 16 мандаттыӊ ішінен 12 жаӊа адам сайланды.Сайланған сенаторлар өӊірлік деӊгейде басшылық лауазымдарда мол кәсіби тәжірибесі бар, өӊірлердіӊ әлеуметтік-экономикалық жағдайымен жақсы таныс.

Орталық сайлау комиссиясыныӊ отырысы барысында " 2017 жылғы 28 маусымда сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатыныӊ депутаттарын тіркеу туралы" қаулы қабылданды.

Қаулы қабылдағаннан кейін ҚР ОСК төрағасы Б.Имашев тіркелген депутаттарға: Д. Иділбековке, М. Жұмағазиевке, Н.Қылышбаевқа, Ғ.Дүйсембаевқа, Н.Төреғалиевке, И.Нұрәлиев, Р.Ибдікеровке, Ж.Нұрғалиевке, М.Бақтиярұлына, Б.Шельпековке, И.Құртаевқа, Н.Нұрсипатовқа, Е.Сұлтановқа, Д.Мусинға, Е.Мамытбековке, Д.Нүкетаеваға куәліктер мен омырауға тағатын белгілерді тапсырды.

Отырыс аяқталғаннан кейін басшы Берік Имашев БАҚ өкілдерін байланыс және ақпарат қызметкерлері күнімен құттықтап, Сенат депутаттары сайлауы бойынша сайлау науқанын белсенді жария еткені үшін алғыс хаттар табыс етті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны