20.01.2012, 13:48 3127

Жаңадан сайланған мәжіліс Кәрім Мәсімовтің үкіметіне сенім білдірді

Премьер-мнистр Кәрім Мәсімов жетекшілік ететін Қазақстан үкіметі бүгін өткен бірінші сессия отырысында жаңадан сайланған парламент мәжілісінің сеніміне ие болды.

Астана. 20-қаңтар. Kazakhstan Today - Жаңадан сайланған мәжіліс Кәрім Мәсімовтің үкіметіне сенім білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, премьер-мнистр Кәрім Мәсімов жетекшілік ететін Қазақстан үкіметі бүгін өткен бірінші сессия отырысында жаңадан сайланған парламент мәжілісінің сеніміне ие болды.

"Сіздердің сенімдеріңіз - елді жаңартудың президенттік бағытын орындауға берілген жаңа мандат. Үкімет мүшелері үшін және ең алдымен мен үшін, бұл - үлкен құрмет және үлкен жауапкершілік. Бізді Елбасы алдымызға қойған үлкен және жауапты міндеттер күтіп тұр және біз оларды атқаруға міндеттіміз. Елбасының Стратегиялық жоспары - жасампаздық жоспары", -деп атап көрсетті Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бүгін Парламент Мәжілісінің отырысында.

Илеуметтік міндеттемелерді орындау Үкіметтің экономикалық саясатының негізі болатынына сендірген Кәрім Мәсімов, "Дамыған экономика - ол ең алдымен, адамдар, олардың табыстары мен жұмыстары, олардың жаңа мүмкіндіктері, олардың балаларының болашағы", - деп атап көрсетті.

"Заң шығарушы және атқарушы биліктердің өзара іс-қимылдарының келісімі, біздің партияларымыздың мәмілеге келуге деген қабілеттілігі қоғамымыздың барлық саяси күштерін Президенттік жоспарды жүзеге асыруға жұмылдырады. Біз бірлесіп жұмыс істеуіміз керек. Бұл -жасампаздықтың басты ресурсы",- деп түйіндеді К.Мәсімов өз сөзін.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Конституциясының 70-бабына сәйкес, Премьер-Министр жаңа сайланған Мәжілістің алдына Үкіметке сенім білдіру мәселесін қояды. Егер Мәжіліс сенім білдірсе, ҚР Президенті басқа шешім қабылдамаса, Үкімет жұмысын жалғастырады. Осылайша, Премьер-Министр Кәрім Мәсімов бастаған Үкімет өз міндетін атқаруды жалғастыра беретін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны