16.01.2014, 00:08 2029

Жанай Омаров мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед ұжымға ҚР Үкіметінің қаулысымен тағайындалған вице-министр Жанай Омаровты таныстырды.

Алматы. 16 қаңтар. Kazakhstan today. Жанай Омаров мәдениет және ақпарат вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan today.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед ұжымға ҚР Үкіметінің қаулысымен тағайындалған вице-министр Жанай Омаровты таныстырды.

Жанай Сейтжанұлы Омаров, 1955 жылы Алматы қаласында туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, философия ғылымдарының кандидаты.

1977 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін философия мамандығы бойынша бітірген. 1980-1997 жылдар аралығында еліміздің жоғарғы оқу орындарында (ҚазПТИ, ҚазМУ) оқытушылық және ғылыми қызметтермен айналысты.

1998 - 1999 жылдары Алматы қалалық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының бастығы, "Имидж-Успех" ақпараттық-талдау орталығының бас директоры, ҚР Президентіне үміткер Н.И. Назарбаевты қолдау қоғамдық штабының үгіт-насихат тобының жетекшісі - Баспасөз хатшысы қызметтерін атқарды.

1999 - 2001 жылдары Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Бұқаралық ақпарат құралдары департаментінің директоры, 2001-2004 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, ҚР Президенті Икімшілігі Ақпараттық-талдау орталығының меңгерушісі, ішкі саясат басқармасының қоғаммен және баспасөзбен байланыс бөлімінің меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті.

2004-2007 жылдары "Қазақпарат" ҰК" АҚ президенті,

2007-2008 жылдары "Қазақстан Тудэй" агенттігі" АҚ баспа үйінің бас директоры, "Караван" газетінің бас редакторы болды. 2008-2011 жылдары "Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрағасы болып жұмыс істеді. 2011 жылғы шілде айынан бастап "Казахстанская правда" республикалық газеті" АҚ басқарма төрағасы болып қызмет етті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны