17.12.2011, 10:06 3874

Жаңаөзен қаласында жаппай тәртіпсіздік орын алып, қылмыстық іс қозғалды

Жаңаөзен қаласында 16-шы желтоқсан - Тәуелсіздік күні наразылықтарын білдіру мақсатында шеруге шыққан бірқатар азаматтардың әрекеттері жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Олар тәртіп сақшыларына қарсы шығып, мемлекет мүлкін шығынға ұшыратты.

Астана. 17-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаңаөзен қаласында жаппай тәртіпсіздік орын алып, қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Жаңаөзен қаласында 16-шы желтоқсан - Тәуелсіздік күні наразылықтарын білдіру мақсатында шеруге шыққан бірқатар азаматтардың әрекеттері жаппай тәртіпсіздікке ұласқан. Олар тәртіп сақшыларына қарсы шығып, мемлекет мүлкін шығынға ұшыратты.

Бұзақылар тәртіп сақшыларына тас пен бөтелке лақтырды. Осы кезде жағдай мүлдем ушығып кеткендей болған. Абырой болғанда Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына шын жүректен ниеттес болып шыққан азаматтардың ешқайсысы да жарақат алған жоқ. Құқық қорғау органдарының бірлескен жедел қимылдарының арқасында бұзақыларды сабасына түсіріп, жағдайды қалыпқа келтіруге мүмкіндік туды.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қандай да бір қақтығыстарға жол бермеу мақсатында қала көшелерін күшейтілген режимде күзетуде. Бұзақылардан дене жарақаттарын салуға арналған бірқатар қарулар алынды. Адамның жанын түршіктіретін мұндай қарулардың кімге бағытталғаны белгісіз. Себебі Жаңаөзендегі мерекелік шараларға қатысушылардың дені балалар мен жасөспірімдер болатын. Осылайша Маңғыстаудағы тәртіпсіздіктердің не үшін орын алғаны әзірге түсініксіздеу болып отырған жайы бар. Кейбіреулер оны көпшіліктің әлеуметтік ақыл-ойының өсуінің нәтижесі дегенге сендіргісі келеді. Ал шын мәнінде бұл жай ғана бұзақылық пен шектен шыққандық. Өйткені мұндай әрекеттердің Қазақстаннан да мықты дамыған елдердің өзінде орын алу мүмкіндігін ешкім де жоққа шығара алмайды. Маңғыстауда болған оқиғалардың мән-маңызын талдап шығудың маңызы зор. Ал еліміздің жаһандық үдерістерге барынша ықпалдасып жатқандығын ескерсек, бізге қазір кез-келген жағдайға дайын болу қажет сияқты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны