23.10.2012, 12:11 3450

Жаңаөзен оқиғасына қатысты сот отырысы ашық әрі әділ өтті

Австриядағы ресми сапар кезінде Венада өткен брифингте Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзендегі оқиға жөнінде пікірін білдірді. Желтоқсандағы бассыздықтарға қатысты сот отырысы ашық әрі әділ өтті, деп мәлім етті Қазақстан Республикасының президенті. Бұл жөнінде "7 арна" ақпарат таратады.

Алматы. 23-қазан. Kazakhstan Today - Жаңаөзен оқиғасына қатысты сот отырысы ашық әрі әділ өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Австриядағы ресми сапар кезінде Венада өткен брифингте Нұрсұлтан Назарбаев Жаңаөзендегі оқиға жөнінде пікір білдірді. Желтоқсандағы бассыздықтарға қатысты сот отырысы ашық әрі әділ өтті, деп мәлім етті Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Бұл жөнінде "7 арна" ақпарат таратады.

Оның айтуынша, адамдарға оқ атқан полицейлер де, арандатушылар да жазаланды.

"Жұмысшылар мен жұмыс берушілер арасындағы дауды шешуге болатын еді. Бірақ, жеке мақсатын көздеген қылмыстық тетіктер қанды қырғынға әкеп соқтырды", - деді Мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны