21.12.2011, 10:27 3189

Жаңаөзенде тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін жедел шешу үшін 570 млн теңге бөлінді

"Біз қазір ғана қалада болдық, сауда нүктелері өз жұмыстарын бастап, қалыпты жағдайда жұмыс істеуде. Қазіргі күні азық-түлік тапшылығы байқалмайды, сонымен қатар баға өсімі білінбейді. Дегенмен ет өнімдерінің қосымша көлемін жеткізуде іркілістер бар", деді ол.

Ақтау. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаңаөзенде тұрғындарын азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесін жедел шешу үшін 570 млн теңге бөлінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Жаңаөзенде азық-түлік тапшылығы байқалмайды.

Бұл туралы кеше Үкімет отырысында Ақтаудан тікелей бейне байланысқа шыққан ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев мәлім етті.

"Біз қазір ғана қалада болдық, сауда нүктелері өз жұмыстарын бастап, қалыпты жағдайда жұмыс істеуде. Қазіргі күні азық-түлік тапшылығы байқалмайды, сонымен қатар баға өсімі білінбейді. Дегенмен ет өнімдерінің қосымша көлемін жеткізуде іркілістер бар", деді ол.

Оның айтуынша, өңірде жұмыс істеп жатқан үкіметтік комиссия ет өнімдерімен қамтамасыз етуге жауапты ретінде "Каспий" ИКК-ін, әкімдікті және Ауыл шаруашылығы министрлігін бекіткен. Наубайханалар қажетті ұнмен қамтамсыз етіліп, нан өімдерін жеткізуде проблемалар туындап отырған жоқ.

"Икімдік, "Каспий" ИКК және "ҚазМұнайГазға" күнсайынғы азық-түлік жәрмеңкесін ұйымдастыру тапсырылды және бұл мәселе біздің комиссияның тұрақты назарында болады", - деді Ө.Шөкеев.

Бірінші вице-премьердің баса айтуынша, қала халқын үздіксіз азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "Қазагро" холдингі тарапынан 570 млн. теңге қаржы бөлінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны