21.12.2011, 14:24 3598

Жаңаөзендегі оқиға басқалар үлкен сабақ болуға тиіс

"Атап айтқанда, Жаңаөзендегі тәртіпсіздік салдарын жою бойынша барлық шешімдер белгіленген мерзімде атқарылуы тиіс. Құқық қорғау тұрғысында тұрақтылықты қамтамасыз ету керек",- деп қадап айтты Премьер-Министр.

Астана. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаңаөзендегі оқиға басқалар үлкен сабақ болуға тиіс, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жаңаөзендегі оқиға баршамыз үшін үлкен сабақ, деп мәлім етті Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, "атап айтқанда, Жаңаөзендегі тәртіпсіздік салдарын жою бойынша барлық шешімдер белгіленген мерзімде атқарылуы тиіс. Құқық қорғау тұрғысында тұрақтылықты қамтамасыз ету керек",- деп қадап айтты Премьер-Министр.

К.Мәсімов өз сөзінде аталған қалада болған оқиғаның түпкі себебі байыпты тексеруді қажет ететінін жеткізді. Үкімет басшысы осы тұрғыдағы тиісті жұмыстарды өзі атқаратынын және Елбасының қарауына ұсынылатынын айтып өтті.

"Бұл шаралар болашақта осындай оқиғалар Жаңаөзенде, немесе өзге де өңірлерде қайталанбас үшін іске асырылады", деді Үкімет басшысы. Премьер-Министр Қазақстандағы тұрақтылықты нығайту керектігіне тоқтала келе, "бұл баршамыз үшін үлкен сабақ, осыдан тиісті қорытынды шығару қажет", деп түйіндеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны