27.03.2012, 12:33 3112

Жаңаөзендегі оқиғаға қатысқан 37 айыпталушыға байланысты таңертеңге белгіленген сот отырысы өтпей қалды

Судья Аралбай Нағашыбаевтың мәлімдеуінше, сот процессіне шақырылған бұлтартпас шаралары кезінде ешқайда кетпеу, өзін-өзі ұстау және қолхатпен жүрген кәмілетке толмаған айыпталушы Мұқашев Нұрсұлтанның заңды өкілі бүгінгі сот мәжілісіне келмеуіне байланысты, сот отырысы күндізгі сағат 15.00-ге ауыстырылды.

Жаңаөзен. 27-наурыз. Kazakhstan Today - Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік оқиғасына қатысқан 37 айыпталушыға байланысты бүгін теңертең өтуі тиіс болған сот отырысы күндізгі сағат 15.00-ге ауыстырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Судья Аралбай Нағашыбаевтың мәлімдеуінше, сот процессіне шақырылған бұлтартпас шаралары кезінде ешқайда кетпеу, өзін-өзі ұстау және қолхатпен жүрген кәмілетке толмаған айыпталушы Мұқашев Нұрсұлтанның заңды өкілі бүгінгі сот мәжілісіне келмеуіне байланысты, сот отырысы күндізгі сағат 15.00-ге ауыстырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Айта кетейік, сот отырысына қатысуға айыпталушылардың ата-аналары мен туыстары, республикалық және шетелдік БАҚ өкілдері, партия ұйымдары жиналған болатын.

ЖСДП партиясының тең төрағасы Болат Ибілов сот залында халыққа мәлімдеме жасап: "Біз Алматыдан арнайы келдік. 250 адам далада тұр. Өйткені, сот отырысы өтетін зал кішкентай. Біз облыс әкімімен сөйлесіп, далада тұрғандар сиятын үлкен залда өтуін сұраймыз",-деді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны