29.12.2011, 16:07 3633

Жаңаөзендегі оқиғаға қатысты жедел-тергеу тобымен 20 адам ұсталып, 18-і сот санкциясымен қамауға алынды

"Елбасының тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен Жаңаөзен қаласында ағымдағы жылдың 16 желтоқсанында орын алған жаппай тәртіпсіздіктердің барлық мән-жайларын анықтау, толық және объективті тергеу жөніндегі барлық қажетті шаралар қолданылуда. Бүгінге қозғалған қылмыстық істердің шеңберінде жедел-тергеу тобымен 20 адам ұсталды, олардың 18 соттың санкциясымен қамауға алынды. Соңғы қуатталған мәліметтер бойынша Жаңаөзен қаласындағы тәртіпсіздіктер нәтижесінде 16 адам қайтыс болды", -деп атап өтті Нұрдәулет Сүйіндіков.

Астана. 29-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаңаөзендегі оқиғаға қатысты жедел-тергеу тобымен 20 адам ұсталып, 18-і сот санкциясымен қамауға алынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасында өткен баспасөз мәслихатында ресми өкіл Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат агентті.

"Елбасының тапсырмасын орындау аясында Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен Жаңаөзен қаласында ағымдағы жылдың 16 желтоқсанында орын алған жаппай тәртіпсіздіктердің барлық мән-жайларын анықтау, толық және объективті тергеу жөніндегі барлық қажетті шаралар қолданылуда. Бүгінге қозғалған қылмыстық істердің шеңберінде жедел-тергеу тобымен 20 адам ұсталды, олардың 18 соттың санкциясымен қамауға алынды. Соңғы қуатталған мәліметтер бойынша Жаңаөзен қаласындағы тәртіпсіздіктер нәтижесінде 16 адам қайтыс болды", -деп атап өтті Нұрдәулет Сүйіндіков.

Прокуратураның ресми өкілі бұл ретте көз жұмғандардың кейбіреулерінің өлімі құқықтық тәртіпті қорғау органдарының әрекеттерімен байланысты емес екендігін мәлім етті. Мәселен, қайтыс болған лицей оқытушысы Дүйсекенов Атабергеннің әкесі өзінің ұлы тәрбиеленушілерін мерекелік шараларға алып шыққаны үшін бұзақалық элементтер бойынша өлтірілгенін хабарлаған. Ал мәйіті "Сулпак" дүкенінде табылған Мұңалбаев Нұрланның өлімінің себебі жоғары температуралы күйіктің әсері салдарынан орын алған болып отыр.

"Жуырда Құлқайров Атабайды өлтіру қылмысы да ашылды. Бұл қылмысты жасаған деген күдікпен соттың санкциясымен Жаңаөзен қаласының бір тұрғыны қамауға алынды. Куәгерлердің айғақтары бойынша қамауға алынған сол адам 2011 жылдың 17 желтоқсанында Жаңаөзен қаласының 5-ші мөлтекауданында Құлқаировқа атыс қаруынан оқ атқан", - деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны