21.12.2011, 12:29 3809

Жаңаөзендегі тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар белгілі болды

Алдын ала мәліметтер бойынша, Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен адамдарды заңсыз іс-әрекеттер жасауға және тұрғын-жайларды, ғимараттарды өртеуге шақырған адамдар анықталды.

Жаңаөзен. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаңаөзендегі тәртіпсіздікті ұйымдастырушылар белгілі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен адамдарды заңсыз іс-әрекеттер жасауға және тұрғын-жайларды, ғимараттарды өртеуге шақырған адамдар анықталды.

Бұл туралы бүгін Жаңаөзен қаласының мәселелері бойынша үкіметтік комиссияның отырысы барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Құрмахан Исаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат агентті.

"Қазірдің өзінде, алдын ала алынған мәліметтер бойынша, (әзірше біз бұл туралы тергеу мүдделеріне байланысты айта алмаймыз) Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктерді ұйымдастырушылар мен адамдарды заңсыз іс-әрекеттер жасауға және тұрғын-жайларды, ғимараттарды өртеуге шақырған адамдар анықталды",-деді ол.

Қ.Исаевтың айтуынша, тергеу қызметінде бұны нақтылайтын бейнематериалдар бар, тергеу барысы үзіліссіз БАҚ-тар арқылы көрсетіліп отырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны