26.12.2011, 11:17 4217

Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік алдын-ала дайындалған

"Ішкі істер министрі болып төрт жыл қызмет еттім. Үлкен істерді тексерумен айналысуға тура келді. Кез-келген қылмыс бүгін немесе ертең тексеріледі. Сауалдан кеткім келмейді, бірақ бұл егжей-тегжей дайындықпен жүзеге асырылған процесс екені анық", -деп мәлім етті облыс әкімі блогерлердің сауалына берген жауабында.

Ақтау. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздік алдын-ала дайындалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұлай деп кеше Ақтауда қазақстандық блогерлермен болған кездесу барасында Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов мәлім етті.

"Ішкі істер министрі болып төрт жыл қызмет еттім. Үлкен істерді тексерумен айналысуға тура келді. Кез-келген қылмыс бүгін немесе ертең тексеріледі. Сауалдан кеткім келмейді, бірақ бұл егжей-тегжей дайындықпен жүзеге асырылған процесс екені анық", -деп мәлім етті облыс әкімі блогерлердің сауалына берген жауабында.

"Жайдан-жай біреудің қалтасында керосин құйылған шөлмек жүрмейді. Ондайға дайындалады, ондайлардың қаскөйлік ойы болады. Оған қоса, бұл жерде рольдер жіктелген. Аяқ астынан ештеңе туындамайды. Бұл бүлікті біреулер қаржыландырған: өте көп спирттік ішімдіктер жеткізілген, оларға ақша төленген", - деді Бауыржан Мұхамеджанов.

Икім сондай-ақ, 16 желтоқсанда Жаңаөзенде "тобырдың ғимараттарды да таңдап шабуылдағанын" атап көрсетті.

"Біз жан-жақты тексеру жүргізетін боламыз: шетелдегі тізбек туралы да, қазір сөз болып жатқан адамдардың қатысы туралы да. Тергеу өз түйінін жасайды. Бұл нағыз лаңкестік әрекет", - деп түйіндеді өз сөзін Маңғыстау облысының әкімі.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Премьер-Министрі баспасөз қызметінің шақыруы бойынша бір топ блогер Ақтау және Жаңаөзен қалаларына сапар жасады. Олар ондағы әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық проблемаларды жедел шешу үшін құрылған үкіметтік комиссияның жұмысымен танысуда.

Еске сала кетейік, ҚР премьер-министрі баспасөз қызметінің шақыруымен қазақстандық блоггерлер тобы әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық проблемаларды едел шешу үшін құрылған үкіметтік комиссияның жұмысымен танысу үшін Ақтау мен Жаңаөзенге келген.

Бұрын хабарланғандай, 16 желтоқсанда Жаңаөзенде жаппай тәртіпсіздіктер орын алды, оған "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ еншілес бөлімшелері - "Өзенмұнайгаз", "Қаражамбасұнай" АҚ-ынан шығарылған жұмыскерлері қатысты. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында және Шетпе станциясындағы тәртіпсіздіктер кезінде 16 адам қаза болды, 108 адам зардап шекті, 41 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

ҚР президентінің жарлығымен Жаңаөзенде 2012 жылдың 5 қаңтарына дейін төтенше жағдай енгізілді. Өткен бейсенбі күні мемлекет басшысы өз жарлығымен Бауыржан Мұхамеджановты Маңғыстау облысының әкімі қылып тағайындады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны