18.12.2011, 15:23 3519

Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздікте қаза болғандар саны 13 адамға жетті

Бұл туралы бүгін елордада өткізілген шұғыл брифинг барысында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

Астана. 18-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздікте қаза болғандар саны 13 адамға жетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы бүгін елордада өткізілген шұғыл брифинг барысында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков мәлім етті.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, орын алған оқиғаға қатысты қажетті тергеу амалдары жүргізіліп, жаппай тәртіпсіздіктер мен тонаушылықты ұйымдастырушыларды іздестіру және ұстау жөніндегі жедел-іздестіру шаралары атқарылып жатқандығын айтқан ол: "Қабылданған шаралардың нәтижесінде желтоқсанның 16-нан 17-не қараған түні жаппай тәртіпсіздіктерге қатысушылар мен тонауылардың 70-сі ұсталды, олардың 8-і қамауға алынды. Төтенше жағдай режімін енгізу және кезек күттірмейтін шараларды қабылдау құқық қорғау органдарына қылмыстың жүгенсіздігін тоқтатуға мүмкіндік берді. Бүгінгі күнгі таңға коменданттық сағатты бұзғаны үшін тағы да 60-қа жуық адам ұсталды, олардың ішінде жаппай тәртіпсіздіктер мен тонауылыққа қатысуы мүмкін күдікті тұлғалар да бар. Құрбан болғандар мен зардап шеккендерге қатысты айтатын болсақ, соңғы мәліметтерге қарағанда тәртіпсіздіктер салдарынан 86 адам зардап шеккен, 13 адам қаза болған", - деді ол.

Ресми өкілдің атап өтуінше, аталған адамдардың кейбіреулері құқық бұзушылардың әрекеттері салдарынан қаза болған. Мәселен, құқық қорғау органдарына қайтыс болған 1987 жылы дүниеге келген Жаңаөзен қаласының кәсіптік-техникалық лицейінің мұғалімі Атаберген Дүйсекеновтің әкесі 16 желтоқсанда қаланың алаңында өзінің ұлын бұзақылардың мерекелік шараларға өз тәрбиеленушілерін алып келгені үшін өлтіріп кеткендігі туралы арызбен жүгінген.

"Бытыралы оқпен атылатын қарудан алынған жарақат және атыс қаруын немесе арнайы құралдарды қолданумен байланысты емес дене жарақаттары бар зардап шеккендер де болды. Тәртіпсіздіктердің жолын кесу кезінде құқық қорғау органдары бытыралы қаруды қолданбағандығына, сондай-ақ олардың шабуылшылармен тікелей байланысқа түспегендігіне орай алынған жарақаттардың құқық тәртібі күштерінің тарапынан келтірілуі мүмкін емес", - деді ресми өкіл.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны