26.01.2012, 12:15 3820

Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікпен 6 адам ұсталды

"Қазіргі кезге жаппай тәртіпсіздіктердің 6 ұйымдастырушысы - Сақтағанов, Жарылғасинов, Ирмуханов, Досмағамбетов, Уткилов және Тулетаева анықталып, оларға Қылмыстық кодекстің 241 бабының 1 бөлігі бойынша айып тағылып, қамауға алынды", - делінген мәлімдемеде.

Астана. 26-қаңтар. Kazakhstan Today - Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікпен 6 адам ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Бас прокурорының 2011 жылғы 16 желтоқсанда Жаңаөзенде орын алған жаппай тәртіпсіздікке қатысты жасаған мәлімдемесінде айтылған.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Қазіргі кезге Жаңаөзендегі жаппай тәртіпсіздіктердің 6 ұйымдастырушысы анықталған.

"Қазіргі кезге жаппай тәртіпсіздіктердің 6 ұйымдастырушысы - Сақтағанов, Жарылғасинов, Ирмуханов, Досмағамбетов, Уткилов және Тулетаева анықталып, оларға Қылмыстық кодекстің 241 бабының 1 бөлігі бойынша айып тағылып, қамауға алынды", - делінген мәлімдемеде.

Сонымен қатар, жаппай тәртіпсіздіктердің 23 белсенді қатысушысы және бүліншілік пен тонаушылық жасаған 11 адам анықталып, қамауға алынған. Олардың басым бөлігі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғанын және қатысқандарын растады.

"Атап айтқанда, олар жаппай тәртіпсіздіктерге алдын-ала дайындалғандарын, осы мақсатта жастар тобын тартқанын, олар жанғыш құраммен бөтелкелерді әзірлеп, қолда бар заттармен қаруланғанын көрсетті", - деп көрсетілген Бас прокурордың мәлімдемесінде.

Тергеу барысында арнайы құрылған қоғамдық комиссияның өтініші бойынша жеке басы, кінәсінің деңгейі және отбасылық жағдайы ескеріле отырып, 11 адамға қатысты бұлтартпау шарасы қамауға алумен байланысты емес неғұрлым жеңіл шараға ауыстырылды.

Жаппай тәртіпсіздіктердің басқа да ұйымдастырушылары мен қатысушыларын анықтау және іздеу шаралары жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны