05.03.2012, 10:47 3386

Жанармайдың шекті бағасын сәуір айынан бастап монополияға қарсы агенттік бекітетін болады

Бүгін Мәжілісте "Ішкі нарықты мұнаймен және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету" және "Қарашығанақ жобасының үлесін мемлекеттің сатып алуы" тақырыптарындағы Үкімет сағаты барысында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев осылай мәлім етті.

Астана. 5-наурыз. Kazakhstan Today - Жанармай бағасының шекті бағасын сәуір айынан бастап монополияға қарсы агенттік бекітетін болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Мәжілісте "Ішкі нарықты мұнаймен және мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету" және "Қарашығанақ жобасының үлесін мемлекеттің сатып алуы" тақырыптарындағы Үкімет сағаты барысында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев осылай мәлім етті.

С. Мыңбаевтың айтуына қарағанда, былтыр қабылданған шараларға сәйкес, елдің ішкі нарығындағы бағаны тұрақтандыру мақсатында жанармайдың шекті бағасын Мұнай және газ министрлігі бекітіп келді.

"Бұған дейін жұмыс тобының шешімімен шекті баға бекітіліп, ондай қаулыға министр ретінде менің қолым қойылып келді. Ендігі күні, яғни сәуір айынан бастап бензиннің шекті бағасын бекітетін құзырлы орган - Табиғи монополияларды реттеу агенттігіне беріледі", - деді С. Мыңбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны