07.04.2019, 15:15 12259

Жанат Құрманов "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды

Құрманов Жанат Бостанұлы 1962 жылы 22 ақпанда Қарағанды қаласында туған. 2017 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Нұр-Сұлтан. 7 сәуір. Kazakhstan Today - Жанат Құрманов "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

"БЖЗҚ" АҚ Директорлар кеңесінің (2019 жылғы 29 наурыздағы № 1 хаттама) шешімімен Құрманов Жанат Бостанұлы "БЖЗҚ" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

"БЖЗҚ" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен (2019 ж. 29 наурыздағы №1 хаттама) Қорды 2017 жылдың қаңтар айынан бері басқарып келген Наурызбаева Нұрбибі Серікқажықызының өкілеттігі 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап тоқтатылды.

Құрманов Жанат Бостанұлы 1962 жылы 22 ақпанда Қарағанды қаласында туған.

1985 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін физикамамандығы бойынша бітірген. 1996 жылы Мәскеу экономика, менеджмент және құқық институтын экономика мамандығы бойынша тәмамдады (мамандану - банк ісі). 2017 жылы Оксфорд университетін бітірген. Бизнес мектебі бағдарламасы бойынша диплом қорғаған.

Өзінің еңбек жолын Ж. Б. Құрманов 1985 жылы ҚазССР Ғылым академиясы Ядролық физика институтында инженер болып бастады. 1996 жылы физика-математика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесіне ие болды.

1996 жылдан бері Қазақстан Республикасының қаржы нарығында жұмыс істеп келеді.

1999 жылдың желтоқсаны мен 2002 жылдың маусымына дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сақтандыруды қадағалау және Банктерді және сақтандыруды қадағалау департаменттерінде басшылық лауазымын атқарды.

2002 жылдың тамызы мен 2007 жылдың ақпаны аралығында "ГНПФ" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ Бас директоры, Бас директорының орынбасары болып қызмет істеді.

2007 жылдан 2016 жылдың қаңтарына дейін банк пен сақтандыру секторында, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында бірқатар қаржы және инфрақұрылымдық ұйымдардың директорлар кеңестерінің мүшесі болды. 2012 жылдың мамырынан "Қазақстан қор биржасы" АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы.

2016 жылдың ақпаны мен 2017 жылдың қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сақтандыруды қадағалау департаментін, Банктік емес қаржы ұйымдарын реттеу департаментін басқарды.

2017 жылдың қыркүйегінен 2019 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны