15.10.2008, 17:17 1446

Жәнібек Кәрібжанов президентті мәжілістің заң шығарушылық жұмысы жөнінде хабардар етті

Жәнібек Кәрібжанов президентті мәжілістің заң шығарушылық жұмысы жөнінде хабардар етті

Астана. 15 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі төрағасының орынбасары Жәнібек Кәрібжановты қабылдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Ж.Кәрібжанов президентті мәжілістің заң шығарушылық жұмысы жөнінде хабардар етті. Атап айтқанда әңгіме жаңа салық және бюджет кодекстері туралы болды.

"2009-2010 жылдарға арналған бюджет жобасын талқылау бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. Бүгін біз "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын мақұлдадық", - деді мәжіліс төрағасының орынбасары журналистерге арналған брифингте.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны