30.12.2008, 15:04 3164

Жәнібек шекара отряды учаскесінде бір тонна бекіре тұқымдас балықтарды алып өтуге жасалған әрекеттің жолы кесілді

Жәнібек шекара отряды учаскесінде бір тонна бекіре тұқымдас балықтарды алып өтуге жасалған әрекеттің жолы кесілді

Астана. 30 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін"- Жәнібек шекара отряды учаскесінде бір тонна бекіре тұқымдас балықтарды алып өтуге жасалған әрекеттің жолы кесілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше "Қарасай" заставасының Жәнібек шекара отрядының шекарашылары Ресейге өткізу бекетін айналдып өтіп УАЗ автокөлігімен бет алған Қазақстан және Ресей азаматтарын қолға түсірді. Көліктің кузовынан бір тонна бекіре тұқымдас балық табылды.

Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, Шекара қызметінің ақпаратына сәйкес, 29 желтоқсанда "Шарбақты" заставасының Павлодар шекара отряды бөлігінде Ресейден Қазақстанға 26 жылқыны айдап әкелуге әрекет жасаған Қазақстанның екі азаматын ұстады. Ұсталғандарда малдың құжаттары болмай шықты. Бұл дерек бойынша да тексеру жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны