07.10.2016, 17:05 4185

Жансейіт Түймебаев Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі болып тағайындалды

"Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасыныӊ Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасыныӊ Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылсын",- делінген Жарлық мәтінінде.

Астана. 7 қазан. Kazakhstan Today - Жансейіт Түймебаев Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаев бүгін "Ж.Қ.Түймебаевты Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі қызметіне тағайындау туралы" 2016 жылғы 7 қазандағы №353 Жарлыққа қол қойды.

"Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасыныӊ Түрік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасыныӊ Албания Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарудан босатылсын",- делінген Жарлық мәтінінде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны