30.11.2016, 11:52 7018

Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болды

Жиынды қорытындылаған Ж.Түймебаев Сарыағаш ауданыныӊ мүмкіндігі кейбір аудандармен салыстырғанда өте жоғары екенін айтып, осы әлеуетті барынша пайдалана отырып, аудан экономикасын көтеру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Шымкент. 30 қараша. Kazakhstan Today - Кеше Оӊтүстік Қазақстан облысыныӊ әкімі Жансейіт Түймебаев жұмыс сапарымен Сарыағаш ауданында болып, бірқатар шаруа қожалықтар мен әлеуметтік нысандардыӊ жұмысымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Еӊ алдымен, өӊір басшысы Ақжар ауылдық округінде орналасқан "Агрофуд-Қазақстан" ЖШС-ніӊ бау-бақша алқабын көріп, алғашқы көшетті отырғызды.Биылғы жылы 280 гектар жерге жаӊа технологиямен қарқынды бау өсіруді қолға алған серіктестік келер жылы өнім алуды жоспарлап отыр. Жобаныӊ инвестиция көлемініӊ жалпы құны 3 млрд. 400 млн. теӊге.

Серіктестік басшысыныӊ айтуынша, бірінші жылы гектарына 10 тонна өнім алу көзделіп, 4 жылдан кейін 1 гектарына 40-50 тонна өнім жинау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, кәсіпкер алдағы жылдары өсірілген жемістерді сақтайтын тоӊазытқыш қойма салуды және өнімдерді қайта өӊдеу жұмыстарын қолға алмақ. Тамшылатып суару әдісі қолданылатын бауда жергілікті 200-ге тарта азамат жұмыспен қамтылатын болады.

Мұнан соӊ, аймақ басшысы "Жібек жолы" кеден бекетініӊ жұмысымен танысты. Онда аудан әкімі Қ.Ибдуәлиев аудандағы барлық кеден бекеттері маӊында жүргізіліп жатқан абаттандыру жұмыстарын баяндады. Күніне 10-15 мыӊ жолаушы өтетін кеден бекетінде келушілер үшін барлық жағдай жасалу қажеттігін айтқан облыс әкімі көрші елмен қарым-қатынастыӊ одан әрі жақсарып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, ол "Жібек жолы" кеден бекеті арқылы жеӊіл автокөліктер өткізу мәселесі шешілгенін, алдағы уақытта автобустар қатынасы да шешімін табатынын жеткізді.

Жұмыс сапары барысында әкім бастаған жұмысшы топ "Жабай ата" шаруа қожалығына қарасты жылыжай жұмысын көрді. Заманауи озық технологияларды пайдалана отырып, тұрғындарды сапалы көкөніспен қамтамасыз етіп отырғанын айтқан шаруа қожалық иесі жергілікті 75 азаматты жұмыспен қамтыған.

Оныӊ айтуынша, бүгінде мұнда 450 мыӊ көшет отырғызылып, оныӊ әр түп көшетінен 4-6 келіге дейін өнім алынуда. Көлемі 15 гектер болатын жылыжайда қызанақ пен қияр өсіріледі. Өндірілген жалпы өнім 2250 тонна, ал өнімдер Қазақстан нарығы мен Ресей федерациясына жіберілуде.

Осы күні Ж.Түймебаев Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдық мерекесіне орай, пайдалануға берілген сыйымдылығы 100 мыӊ томға дейін жететін орталық кітапхананыӊ ашылу рәсіміне қатысты. Тұрғындардыӊ қуанышымен бөлісе келген әкім барша сарыағаштықтарды мерейлі мерекемен құттықтады.

Аталған мәдениет нысанында оқырмандар мен қызметкерлерге барлық жағдай жасалған. 7 мыӊға жуық оқырманы бар кітапханада бүгінде 47 мыӊ кітап қоры бар. Жаӊа кітапхана ғимараты екі қабатты. Үш оқу залы мен кітап қорын сақтайтын 1 зал және қызметкерге арналған 7 бөлме бар. Айта кетейік, жалпы аудан бойынша кітап қоры 632 мыӊ болатын 57 кітапхана халыққа қызмет етуде.

Сарыағаш ауданына жасаған сапарыныӊ соӊында облыс әкімі жергілікті активпен кездесіп, ауданныӊ даму басымдықтарын талқылады. Онда аудан әкімі Қ.Ибдуәлиев Сарыағаштыӊ әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша атқарылған жұмыстарды атап өтіп, халықтыӊ әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатындағы жобаларымен бөлісті.

Жиында Жансейіт Қансейітұлы шешімін таппай отырған мәселелердіӊ де бар екенін атап өтіп, оны ашық айтып, шешу жолдарын қарастыруды ескертті. Мәселен, индустрияландыру картасы аясында ауданда 1,7 млрд.теӊгені құрайтын 5 инвестициялық жоба іске қосылса, оныӊ ішінде "Сарыағаш құс" кәсіпорыны тоқтап қалған. Ал құрылыс заттарын шығаратын "С-Дем"кәсіпорны 50 пайыз қуаттылықпен ғана жұмыс істеп тұр. Аудан әкімдігі тарапынан кәсіпорындарға мониторинг жүргізу жұмыстары өз деӊгейінде атқарылмағанын айтқан аймақ басшысы биыл аудандағы өнеркәсіп өнімініӊ көлемі 9 пайызға, өндеу өнеркәсібі 14 пайызға кемігенін атап өтті.

Сонымен қатар, әкім білім, денсаулық сақтау, құқық бұзушылық бағыттарында да тиісті жұмыстардыӊ жүргізілмегендігінен көрсеткіштердіӊ төмен екенін, осы саладағы жұмыстарды барынша жандандыру қажеттігін ескертті. Шипалы суымен танымал ауданға еліміздіӊ барлық облыстарынан және шетелдерден көптеген туристер мен демалушылар келетінін мысал ретінде келтірген Ж.Түймебаев ондағы санитарлық тазалық пен ретсіз саудаға және көгалдандыру жұмыстарына баса назар аудару қажеттігіне тоқталды.

"Ауданда қоқыс тастайтын 26 орын белгіленген, алайда, аудан әкімдігі тарапынан жұмыстыӊ дұрыс ұйымдастырылмауына байланысты, елді мекендерде бей-берекет қоқыс орындары көптеп орын алуда. Сонымен қатар, мұндағы проблемалардыӊ бірі ретсіз орналасқан базарлар. Мәселен, аудандағы 13 базардыӊ 7-уі заӊ талаптарына сәйкес келмейді",- деді облыс әкімі.

Жиынды қорытындылаған Ж.Түймебаев Сарыағаш ауданыныӊ мүмкіндігі кейбір аудандармен салыстырғанда өте жоғары екенін айтып, осы әлеуетті барынша пайдалана отырып, аудан экономикасын көтеру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны