30.04.2014, 22:03 8521

Жапония елшісіне жемқорлықпен күрестің қазақстандық тәжірибесі таныстырылды

Кездесу барысында тәжiрибе алмасу мен екі жақты ынтымақтастық туралы сұрақтар қарастырылып, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі тәжірибесінің тұсаукесері өткiзілді.

Алматы. 30 сәуір. Kazakhstan today. Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттіктің төрағасы (қаржы полициясы) Р. Түсіпбековтың Жапония Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Камохара Масаёсимен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тәжiрибе алмасу мен екі жақты ынтымақтастық туралы сұрақтар қарастырылып, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі тәжірибесінің тұсаукесері өткiзілді, деп сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінен хабарлады.

Кездесу аяғында екі жақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл саласындағы жетістіктері туралы ынтымақтастықты дамытып, бекітуге қызығушылық білдірді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны