17.03.2011, 12:37 3604

Жапонияның АЭС реакторларында шыққан тілсіз жауды тікұшақпен сөндіруге әрекет жасалуда

Жапонияның АЭС реакторларында шыққан тілсіз жауды тікұшақпен сөндіруге әрекет жасалуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ТОКИО. 17 - наурыз. Kazakhstan Today - Жапонияның АЭС реакторларында шыққан тілсіз жауды тікұшақпен сөндіруге әрекет жасалуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. агенттігінің хабарлауынша, қауіпті жағдайдағы реакторларды теңіз суымен суытуға бағытталған әрекеттер нәтиже бермегендіктен CH-47 Chinook екі тікұшағы апатты жағдайдағы жапонияның АЭС "Фукусима-1? үшінші реакторындағы өртті су шашып сөндіруге әрекет жасауда.

Сондай ақ, тікұшақтар 4-ші реакторға да су шашуда.

Жақында жапония халқына "Фукусима-1" АЭС-індегі апатқа байланысты ахуал туралы нақты дерек берілмек. Ел премьері Наото Кан кешегі өткен үкіметтің төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының мәжілісінде білім және ғылым министрлігіне, полицияға және азаматтық қорғаныс күштеріне осындай тапсырма берді.

Премьер сондай-ақ зардап шеккен аудандардағы халыққа азық-түлік, ауыз су және отын жеткізу жөніндегі көлік қызметтерінің жұмыстарын күшейтуге уәде берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны