02.03.2017, 14:16 5156

Жапонияныӊ Қазақстандағы елшілігі Қызылорда облысындағы медициналық мекемелерге қолдау көрсетеді

1 наурыз күні Қызылорда облысына Жапонияныӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабата жұмыс сапарымен келді. Ол облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесіп, аймақтағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Қызылорда. 2 наурыз. Kazakhstan Today - 1 наурыз күні Қызылорда облысына Жапонияныӊ Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Итиро Кавабата жұмыс сапарымен келді. Ол облыс әкімі Қырымбек Көшербаевпен кездесіп, аймақтағы бірқатар әлеуметтік нысандарды аралады.

Кездесу барысында Қырымбек Көшербаев Кавабата мырзаға Жапония Үкіметініӊ "Шөп тамыры" бағдарламасы бойынша Сыр өӊірініӊ медицина саласын дамытудағы ұзақ мерзімді әріптестігі үшін алғысын білдірді.

- Тәуелсіздік алғаннан бері Жапония Үкіметі Қазақстанда 5 487 468 АҚШ долларына 75 қазақстандық жобаны қаржыландырды. Оныӊ ішінде Қызылорда облысыныӊ денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған бірнеше жоба бар. Алғаш рет 2000 жылы Қазақстан мен Жапония Үкіметініӊ келісімдері нәтижесінде құны 3 млн. 800 мыӊ доллар тұратын медициналық құрал-жабдық алуға грант бөлініп, үлкен жоба жүзеге асты. 2003 жылы облыстық балалар ауруханасы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді,- деген облыс әкімі Кавабата мырзаға алғыс хат тапсырды.

Қызылордада Итиро Кавабата облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында болып, жан сақтау бөліміне 75 мыӊ АҚШ доллары тұратын жаӊа құрал-жабдықтар тапсырды. Бұдан бөлек, Жапония елшілігі балалар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезге қарсы облыстық санаторийді қолдау бойынша тағы бір жоба әзірлеуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны