18.12.2008, 16:46 2891

Жарылыс болған "Рүстем" дәмханасын жалға алған түрік азаматы Қазақстан аумағынан шығып кеткен

Жарылыс болған "Рүстем" дәмханасын жалға алған түрік азаматы Қазақстан аумағынан шығып кеткен

Алматы. 18 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Жарылыс болған "Рүстем" дәмханасын жалға алған Түркия азаматы Қазақстан аумағынан шығып кеткен, деп хабарлайды агенттік тілшісі Алматы қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ешқайда кетпеу жөнінде қолхат берген Түркия азаматы - жарылыс болған "Рүстем" дәмханасын жалға алған адам - Қазақстан аумағынан шығып кеткен. Ол Түркияда жүрген болуы мүмкін. Қазіргі жағдаймен оған іздеу жарияланды. Оның үстінен әзірге ҚР Қылмыстық кодексінің 256-шы бабы (өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу жөнінде) қылмыстық іс қозғалған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Полицияның түсіндіруінше, тергеуші сот-медициналық және өрт техникасына қатысты бірқатар сараптамалар тағайындаған. "ІІД бұл іс бойынша белгілі ақпаратты барлық тергеу әрекеттері аяқталған соң жария етеді", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны