25.07.2014, 20:04 9904

Жарты жылда ел бюджеті айыппұл есебінен 278 млн теңгеге толықты

Қазақстанда бірінші жарты жыл ішінде 1 млн 307 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, ол өткен жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға аз.

Алматы. 25 шілде. Kazakhstan today. Икімшілік құқықбұзушылық айыппұл есебінен ел бюджеті 278 млн теңгегеге толықты. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаева мәлімдеді.

"Жалпы, бірлескен шаралардың қорытындысы бойынша ел бюджетіне 278 млн теңге қосылды, ол облыстық прокуратура органы мекемесінің құрылысына бөлінген қаржыға сәйкес келеді", - деді С. Айтпаева.

Қазақстанда бірінші жарты жыл ішінде 1 млн 307 мың әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді, ол өткен жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға аз.

"Икімшілік құқықбұзушылық саны 42% пайызға қысқарды, оның ішінде адам денсаулығына зиян келтіретін іс әрекеттер мен қоғамдық қауіпсіздікке әсер ететін істер де бар", - деді ол.

С. Айтпаеваның айтуынша, сауда мен қаржы саласында әкімшілік құқықбұзушылық саны 80 пайызға дейін көтерілуі мүмкін.

"Ал, қоғамдық жерде темекі шекпеу тәртібін бұзу 3 есеге өсті. Мұндай фактілер Қазақстан бойынша 92 мың саналып отыр", - деді ол.

Оған қоса, ағымдағы жылы тұңғыш рет нақтыланған әкімшілік құқықбұзушылықтың төмендеу көрсеткіші анықтала тұра әкімшілік айыппұл 56,7 пайызды құрады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны