25.07.2014, 19:59 3835

Жарты жылда Қазақстанда қылмыс саны 5,5%-ға төмендеді - Бас прокуратура

2014 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан Республикасында қылмыс саны өткен жылдың осындай уақытымен салыстырғанда 5,5%-ға төмендеді.

Алматы. 25 шілде. Kazakhstan today. 2014 жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан Республикасында қылмыс саны өткен жылдың осындай уақытымен салыстырғанда 5,5%-ға төмендеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің төрайымы Сәуле Айтпаева мәлімдеді.

"Биылғы жылдың алғашқы алты айында тіркелген қылмыс саны 168 мыңға жетті. Бұл өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 5,5 пайызға аз. 1997-2010 жылдар аралығында қылмыс деңгейі 162 мыңнан аспаған еді, яғни қолдан 135-140 мың деңгейінде ұсталып тұрды", - дейді.

Жасалынған қылмыстың негізгі бөлігі орта ауырлық деңгейіндегі қылмыстар болып отыр. "Соның әсерінен 2011 жылдан бастап қылмыс туралы арыз бен хаттарды беру мен қабылдау автоматтандырылды. Қылмыс туралы хабарлама мен мәліметтер есебінің кітабын енгіздік. Осы арқылы арызданушылар электронды түрді шағымданып, кез келген азамат арызды қарау мен оның мерзімін бақылауға мүмкіндік алып отыр", - дейді С.Айтпаева.

Комитет төрайымының айтуынша, қазіргі таңда арыз-шағымды қарау жеделдігі барлық арыздардың 93%-ын құрап отыр. Яғни осыншалықты арыз-шағымға байланысты шешім үш күннен кешікпей қабылданады.

Комитетте сонымен қатар қылмыстың ұрлық-қарлық түрлерінің 3,1%, бұзақылықтың 16,3%, ал тонаудың 27,9%-ға азайғаны айтылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны