06.11.2019, 16:58 7582

"Жас ұлан" республикалық әскери мектебі өзінің 20 жылдығын тойлады

Қазір Қазақстанда төрт әскери мектеп: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларында жұмыс атқарады."Жас ұлан" әскери мектептеріне 11 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша 9 сыныпты немесе 12 жылдық білім бағдарламасы бойынша 10 сыныпты аяқтаған ұл балалар қабылданады.

Нұр-Сұлтан. 6 қараша. Kazakhstan Today - Армия генералы С. К. Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық әскери мектебі өзінің 20 жылдығын тойлады. Осыған орай астаналық мектепте Қорғаныс министрлігі өкілдерінің, Қарулы Күштер ардагерлерінің және тәрбиеленушілердің ата-аналарының қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

Мектептің бастығы әділет полковнигі Тілеухан Басқожаев маңызды мерейтоймен қатысушыларды құттықтады. Дәстүр бойынша ұландар мектептің туын шығарып, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының батыры армия генералы С.К. Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоғын қойды.

ҚР ҚМ Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы генерал-майор Асхат Рыспаевта өз құттықтауын жеткізді.

"Осы уақыт аралығында сіз қиын және керемет шығармашылық жолдан өттіңіз. Сіздің мектебіңіздің тарихы - бұл маман атанған мыңдаған ұл балалардың тағдырлар тарихы. Құрметті әріптестер, сіздердің қолдарыңыздан ғажап іс- адамқалыптастыру келеді. Тек сіздер ұшқалақ балалардан болашақ сарбаз - офицерді көресіздер. Сіздердің барлық үміттеріңіз ақталып,атқарған жұмыстарыңыз бекерге кетпей, әр ұлан мектептің мақтанышына айналуына тілектеспін", - деді ол.

Қонақтарға 20 жылдағы мектепте болған іс-шаралар мен жетістіктер көрсетілген фотокөрме ұйымдастырылды. Мерейтой қарсаңында "Жас ұлан - 20 жыл" атты кітап дайындалып, шығарылды.

Алғашқы "Жас ұлан" мектебі 1999 жылдың наурыз айында ҚР Үкіметі Жарлығына сәйкес құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы Күштері үшін мектеп қабырғасынан болашақ командирлерді дайындайтын арнайы оқу орнын құру еліміздің Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың идеясы болып табылады.

Қазіргі кезде мектепте мемлекетіміздің түкпір- түкпірінен жиналған 425 ұлан білім алуда.

Қазіргі кезде Алматы, Шымкент және Қарағанды қалаларында тағы да үш "Жас ұлан" әскери мектептері жұмыс істейді.

Әскери мектептерде тәрбиеленушілер мемлекеттік және шет тілдерін, жалпы білім беретін пәндер тереңдетіп оқиды және дене шынықтырумен шұғылданады. Мектеп пәндерімен қоса олар жалпы әскери тактика, байланыс негіздері, саптық даярлық, жалпы әскери жарғылар және басқа да әскери пәндерді меңгереді.

Заманауи оқу-материалдық база жаңа техникалық құралдарды қолдана отырып интерактивті, компьютерлік және лингафон сыныптарында сапалы оқу процесін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Әскери пәндер бойынша кабинеттерде ұландықтар тәжірибе жүзінде өткен тақырыптарды пыысықтауға әскери техника мен қару-жарақтардың жаңа үлгілері бар. Әскери авиацияны одан әрі оқуды жоспарлаған тәрбиеленушілерге әскери ұшқыш мамандығының негіздерін оқуға мүмкіндік беріледі. 2007 жылғы қыркүйектен бастап "Мемлекеттік авиация орталығы" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының негізінде ұландар үшін "Жеңіл қозғалтқышты ұшқыш" біліктілігі берілетін ұшу дайындықтары бойынша сабақтар жүргізіледі.Ұландар олимпиадаларда, әр түрлі жарыстар мен турнирларға белсене қатысады. Олардың жан - жақты дамулары үшін мұражай, театрлар мен спорттық іс-шараларға қатысуларын, атақты ғалымдар мен танымал спортшылармен кездесулер ұйымдастырылады.Одан әрі оқуларын жалғастыру үшін түлектер ҚР Қорғаныс министрлігінің оқу орындарына жіберіледі. Сонымен қатар оқуды шет мемлекеттердің әскери оқу орындарында жалғастыра алады. Қазіргі кезде "Жас ұлан" астаналық мектебінің түлектері Қазақстан, Ресей, Беларуссия, Украина, Түркия, Қытай әскери оқу орындарында білім алуда.

Ескертпе.Қазір Қазақстанда төрт әскери мектебі: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды қалаларында жұмыс атқарады."Жас ұлан" әскери мектептеріне 11 жылдық білім беру бағдарламасы бойынша 9 сыныпты немесе 12 жылдық білім бағдарламасы бойынша 10 сыныпты аяқтаған ұл балалар қабылданады. Ол үшін үміткерлер бірнеше іріктеу кезеңдерінен өтуі тиіс: математика мен оқу тілінен тестілеу, психологиялық іріктеу, дене шынықтыру нормативтері мен медициналық куәләндіру. Оқуға түскен сәттен бастап тәрбиеленушілерді барлық керектімен қамтамасыз етуді мемлекет өзіне алады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны