14.05.2008, 15:23 1338

"Жас Отан" Қазақстан жастарының еңбек миграциясын ұйымдастыруға атсалысуға тиіс - Назарбаев

"Жас Отан" Қазақстан жастарының еңбек миграциясын ұйымдастыруға атсалысуға тиіс - Назарбаев

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың пайымдауынша, "Жас Отан" Қазақстан жастарының еңбек миграциясын ұйымдастыруға атсалысуға тиіс. Елбасы бүгін "Нұр Отан" ХДП-ның жастар қанаты - "Жас Отанның" бірінші съезінде осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз ескі көзқарастың бұғауынн шыға алмай отырмыз: елімізде еңбекке қабілетті жастары көп өңірлер бар, ондағы жастар жұмысқа орналаса алмай жүргенімен, ешқайда қозғалғысы келмейді", - деді Н. Назарбаев.

"Ал қазір біз жаңаша жағдайда өмір сүріп жатырмыз, онда халықтың еңбек миграциясы қажетті", - деді ол. "Мәселен, таяудағы жылдарда Каспий қайраңындағы және одан тысқары жерлердегі байлық - мұнайды игеру үшін бізге 150 мың жаңа жұмысшыларды тарту қажет. Сол себепті мен мұнайшыларды дайындайтын оқу орындарын еңбек жасындағы жастары басым аймақтарда - Таразда, Шымкентте, республиканың орталық өңірлерінде ашуға тапырма бердім", - деді мемлекет басшысы.

"Ал одан кейін осы оқу орындарының түлектері жолдамамен өздері қажет болатын бағытта жұмыс істесін", -деді ол.

"Осында, Астанада, тау-кен-металлургиялық кәсіпорындарда адамдар жетпейді, жастарды солай қарай жіберу керек. Сол себепті "Жас Отан" мектеп түлектеріне қайда барып, не істеу керектігін түсіндіруі абзал", - деді Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны