14.05.2008, 17:09 3126

"Жас Отан" салауатты өмір салтын белсенді таратушы болуы дұрыс - Назарбаев

"Жас Отан" салауатты өмір салтын белсенді таратушы болуы дұрыс - Назарбаев

Астана. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Жас Отан" салауатты ұлт қалыптастыру идеясының белсенді жол көрсетушісі болғаны дұрыс. Бұл туралы "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының "Жас Отан" жастар қанатының бірінші съезінде сөйлеген сөзінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Мемлекет денсаулық сақтау жүйесін дамытуға орасан зор қаражат бөліп жатыр. Алайда, білектік жағынан алсақ та, рухани жағынан алсақ та халықтың денсаулығын нығайту үшін тек қана мемлекеттің күш-жігері жеткіліксіз. Салауатты өмір салтын дағдыға айналдыру қажет. Күнделікті спортпен айналысу, ауқаттану, зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстау", - деп атап көрсетті президент.

"Адам денсаулығы тек 10 пайызға ғана медицинаға тәуелді. Біздің денсаулығымыздың 50 пайызы біздің өмір салтымызға байланысты. Денсаулықтарыңды жастайларыңнан күтіп ұстаңдар", - деп сергектікке шақырды ел президенті.

"Мен бізге дені сау ұлт қажет дегенге аса байыппен қараймын. Жастар арасында есірткімен, шылым шегумен, маскүнемдікпен, қоғамға жат қылықтармен күрес идеясын белсенді түрде алға жылжыту керек", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.

Оның пайымдауынша, бүкіл халықтың денсаулығының негізі болып табылатын балалар спортын дамытумен айналысу қажет. Осы істерде "Нұр Отан" жастар ұйымдарына көмек көрсетуі керек", - деп есептейді Елбасы.

Н. Назарбаев сондай-ақ, жастарды кәсіпке ие болып, жұмыс істеуге шақырды. "Жас кезде түк бітірмей жүргенше немесе қажетсіз істермен шұғылданғанша көше сыпырудан неге жиіркену керек?" - деді президент. "Мемлекет жағдай жасап отыр. Біз Қазақстанның еңбексүйгіш, жұмыскер азаматтарын тәрбиелеп шығаруымыз керек", - деп сөзін қорытты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны