25.05.2015, 19:42 4045

"Жас ұлан" түлектері қазақстандық әскери оқу орындары курсанттарыныӊ қатарын толықтырады

"Жас ұлан" республикалық мектебініӊ 75 түлегі жүз пайыздық құраммен Қазақстанныӊ әскери жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыруды жоспарлауда. Бүгін олар ресми түрде мектепті тәмамдады және жоғары оқу орнына түсу үшін алдағы ҰБТ-ға қызу дайындыққа кірісті

Астана. 25 Мамыр. Kazakhstan Today - "Жас ұлан" республикалық мектебініӊ 75 түлегі жүз пайыздық құраммен Қазақстанныӊ әскери жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыруды жоспарлауда. Бүгін олар ресми түрде мектепті тәмамдады және жоғары оқу орнына түсу үшін алдағы ҰБТ-ға қызу дайындыққа кірісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Мен оқуда жақсы нәтижелер көрсеткен, мектеп тыныс-тіршілігініӊ белсенділері болған ұландарға алғысымды білдіргім келеді. Алда сендерді күрделі сынақ күтіп тұр. Бірақ, сендер оған абыроймен төтеп беріп, мектептіӊ беделін түсірмейсіӊдер. Сендер әскери оқуды жалғастырып, жоғары оқу орындарына сәтті түсетіндеріӊе және Қазақстан Қарулы Күштерініӊ лайықты офицерлері болатындарыӊа кәміл сенімдімін", - деп, мектеп бастығы полковник Мұхтар Майкеев түлектерге ақ жол тіледі. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Былтырғы жылы "Жас ұлан" 67 жасөспірімді түлетіп шығарды. Бүгінде олар Құрлық әскерлерініӊ Искери институтында, Кеӊес Одағыныӊ екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Иуе қорғанысы күштерініӊ Искери институтында, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында, ҚР ҰҚК, ТЖМ және ІІМ жоғары оқу орындарында білім алуда. Сондай-ақ Ресей, Беларусь және Қытай Қорғаныс министрліктері әскери жоғары оқу орындарыныӊ курсанттары болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны