03.06.2014, 20:06 1251

"Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес құру туралы Жарлыққа қол қойылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес құру туралы Жарлыққа қол қойды.

Алматы. 3 маусым. Kazakhstan today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес құру туралы Жарлыққа қол қойды, деп Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Құжатта хабарлағандай, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы "Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманың (бұдан әрі - Тұжырымдама) іске асырылуын мониторингтеу және бағалау, мониторингтеу және бағалау базасында тиісті ұсынымдар әзірлеу, экономиканы "жасыл" әрі орнықты даму қағидаттарында жаңғыртуды қамтамасыз ететін Тұжырымдаманы іске асыру стратегиясын, тактикасы мен тетіктерін айқындау мақсатында құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны