28.04.2014, 20:46 4123

"Жасыл" экономикаға өту 7 бағыт бойынша қарастырылады - А.Құралов

"Жасыл" экономикаға өту 7 бағыт бойынша қарастырылады, дейді ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және сараптама департаментінің сарапшысы Айдын Құралов.

Алматы. 28 сәуір. Kazakhstan today. "Жасыл" экономикаға өту 7 бағыт бойынша қарастырылады, дейді ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және сараптама департаментінің сарапшысы Айдын Құралов.

А.Құралов "Қазақстан Республикасының "жасыл" экономикаға өту мәселесі бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының дайындалуы туралы айтты.

"Аталмыш заң жобасы "жасыл" экономика ұстанымдарын енгізу үшін жайлы жағдай қалыптастыру мақсатында еліміздегі қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған", - дейді А.Құралов.

"Жасыл" экономикаға өту 7 бағыт бойынша қарастырылады: су ресурстарын тиімді басқару, қалдықтары пайдалану, ауыл шаруашылығын жаңғырту, энергоүнемдеу және энерготиімділікті арттыру, электр энергетикасын дамыту, экожүйені сақтау және тиімді басқару, сонымен қатар ауа ластығы деңгейін төмендету.

"Заң жобасында заңнамаға өзгерістер енгізілуі мен Тұжырымдама қағидасына сәйкестендірілуі Қазақстан Республикасының 20-дан астам заңы мен кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді талап етеді", - дейді А.Құралов.

Айта кету керек, заң жобасының дайындалуына Еуропалық Қайта құру және Даму банкі кеңесшілері атсалысты.

Сонымен қатар, заңның жобасын жасақтау үшін жұмыс тобы құрылды. Оған 70-тен астам мемлекеттік органдардың өкілдері, сарапшылар мен қоғамдық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді.

Сондай-ақ заңның жобасында орталық және жергілікті билік органдарының, ЕҚҚДБ консультанттарының, "Тұрақты дамуға қолдау көрсету орталығының", "KazWaste" қауымдастығының, "Шетелдік инвесторлар кеңесі" қауымдастығының және тағы басқа үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары көрініс тапты.

Қазіргі таңда Заңның жобасы мемлекеттік органдардың қарауына жіберілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны