03.07.2014, 20:48 3029

Жасөспірімдер құрама командалары өрт сөндіру-құтқару спортының чемпионатына дайындалуда

Астанада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер ұлттық құрама командаларының оқу-жаттықтыру жиыны өтті.

Алматы. 3 шілде. Kazakhstan today. Астанада өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер ұлттық құрама командаларының оқу-жаттықтыру жиыны өтті.

2014 жылғы 28 маусым мен 12 шілде аралығында Астана қаласы ТЖ департаменті "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" ММ 5-МӨСБ спорт кешені аумағында Свитавы (Чех Республикасы) қаласында 2014 жылғы 13-20 шілде аралығында өтетін өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жастар арасындағы V әлем чемпионаты мен өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша ұлттық жас командалар арасындағы ІІІ әлем чемпионатына дайындалуға арналған жасөспірімдер, жастар және әйелдер ұлттық құрама командаларының оқу-жаттықтыру жиыны өтеді, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Оқу-жаттықтыру жиынына Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Апаттар медицинасы орталығының психологтары жұмылдырылған, олар алдағы әлем чемпионатына дайындалу үшін ұлттық құрамаға психологиялық қолдау көрсету кестесін әзірледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны