11.07.2014, 20:35 3443

Жасөспірімдердің ІІ жазғы Олимпиада ойындарына 50 казақстандық спортшы қатысады

Нанкин каласында өтетін жасөспірімдердің ІІ жазғы Олимпиада ойындарына 50 қазақстандық спортшы қатысады. Бүл туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінде өткен отырыста агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов мәлім етті.

Алматы. 11 шілде. Kazakhstan today. Нанкин каласында өтетін жасөспірімдердің ІІ жазғы Олимпиада ойындарына 50 қазақстандық спортшы қатысады. Бүл туралы ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінде өткен отырыста агенттік төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов мәлім етті.

"Қазіргі таңда Нанкин қаласында өтетін жасөспірімдердің ІІ жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға 21 спорт түрі бойынша 42 лицензия жеңіп алынды. Енді дүбірлі додаға еліміздің намысын қоғауға 50 спортшы бармақ. Айта кетерлік жайт, жарысқа дайындық Олимпиада орталықтарында жүргізілуде", - деді ол.

Оның айтуынша, өткен жылдармен салыстыратын болсақ биыл жеңіп алынған лицензилар саны мен байрақты бәсекеде бақсынайтындар көп.

"Қазіргі таңда біз күрес, ауыр атлетика мен бокс бойынша - алтын медальды, байдаркалық есу, еркін күрес пен бокс бойынша - күміс медалды және тхэквондо, әйелдер күресі, дзюдо, жүзу мен тағы да бокс бойынша - қола медальдарды міндеттеп отырмыз", - деп ол баса айтты.

"Жасыратыны жоқ, үлкен міндет қойып отырмыз. Күллі әлем жасөспірімдердің Олимпиада ойындарына тыңғылықты дайындалып келеді. Ийтседе біз бұл бәсекеде өз көрсеткіштерімізді жақсартуымыз керек", - деді Е.Қанағатов.

Жалпы, ойынға 3800 адам қатысады деп күтәлуде, оның 50 отандық спортшылар. Айта кетерлік жайт, олардың басым бөлігі Алматы облысының тумалары.

Жасөспірімдердің ІІ жазғы Олимпиада ойындары ҚХР - ның Нанкин қаласында 2014 жылдың 16 - 28 тамыз аралығында өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, Сингапурде өткен жасөспірімдердің І Олимпиада ойындарына Қазақстаннан 47 спортшы қатысып, бейресми есеп бойынша 24 - ші орынға тұрақтады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны