07.02.2007, 15:24 4287

Жедел әрекет етуші арнайы тобының жауынгерлерінің заңсыз әрекеттерін мүдделі адамдар бүркемелеп қалмақ - қаржы полициясы

Жедел әрекет етуші арнайы тобының жауынгерлерінің заңсыз әрекеттерін мүдделі адамдар бүркемелеп қалмақ - қаржы полициясы

АЛМАТЫ. 7 ақпан . Kazakhstan Today. Нұрбанктің кеңсесіне шабуыл жасаған жедел әрекет етуші арнайы тобының жауынгерлерінің әрекеттерін мүдделі адамдар бүркемелеп қалмақ, деп мәлімдеді Алматы қаласы бойынша экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің бастығы Владимир Курбатов.

"Мүдделі адамдардың жедел әрекет етуші арнайы тобы қызметкерлерінің әрекеттерін Капашевадан түскен арыз бойынша банкке келген-міс деп "бүркемелеп" қалуға тырысқандары анықталды. Мұндай әрекет әлі жалғасуда",-дейді В.Курбатов.

Оның айтуынша, жедел әрекет етуші арнайы тобының сарбаздары 31 қаңтарда 18 сағат 50 минутта Нұрбанктің ғимаратына заңсыз басып кірген, ал Нұрбанктің басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Жолдас Темірәлиевтың жұбайы Армангүл Қапашевадан хабарлама "02" пультына 19 сағат 52 минутта түскен. "Яғни, арыз бергенге дейін бір сағат бұрын",-деді В.Курбатов. Сонымен қатар, қаржы полициясы бастығының ақпаратына сәйкес, Медеу аудандық ІІБ кезекшісі жедел әрекет етуші арнайы тобының сарбаздарына рация арқылы ешқандай нұсқау бермегенін және оларды Нұрбанктің ғимаратына жібермегенін айтқан.

В.Курбатовтың сөзіне қарағанда, арнайы топтың жауынгерлері 31 қаңтар күні 17.00 өздерінің командирінен бұйрық алып, Достық даңғылы, 38 үйде орналасқан банк кеңсесіне келгендерін, ол жерде көліктеріне белгісіз ер азаматтың отырғанын және "оларға әрекет етуге бұйрық бергенін" мойындаған. В.Курбатовтың айтуынша, "ол банктің бұрынғы қызметкері, қазіргі кезде тергеуден қашып жүр".

"21 сағатта Медеу аудандық ІІБ-ына хабарламаның уақытын дәл анықтау үшін департаменттің жедел-тергеу тобы жіберілген. Алайда Алматы қалалық ІІД-нің басшылығының тікелей нұсқауын желеу еткен аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері өз еріктерімен арыздарды тіркеу кітабын беруден бас тартқан", деді В.Курбатов. "Осылайша, Медеу аудандық ІІБ қызметкерлері қаржы полициясының заңды талабын орындаудан жалтарған, бұл да біздің тергеулерімізге жеке себеп",-деп атап өтті қаржы полициясының бастығы.

Департамент бастығының айтуынша, 4 ақпан күні ұсталған "Инвестициялық холдинг компаниясы"АҚ қызметкері Мәскеуде Ғылымовпен (Нұрбанктің бұрынғы басқарма төрағасы ) бірге оқыған және ол банкпен аффилиирлік байланыстағы, осы ғимаратта орын тепкен фирмада жұмыс істеген. АҚ қызметкері шаруашылық құжаттарды, 38 мөр және әртүрлі мекемеден ақша алуға мүмкіндік бередін чек кітапшаларын алып кетуге тырысқан.

В.Курбатовтың хабарлауынша , "қазіргі кезде Ғылымов іздеуде емес, ол тергеуге алынды". Ал Ж.Темірәлиев іздестірілуде. "Біз оны қаржылық қылмыс жасағаны үшін іздестіріп жатырмыз" , деді департамент бастығы. В.Курбатовтың мәліметіне жүгінсек, кеше түнде Алматы қалалық ІІД-іне Ж.Темірәлиевтің әйеліне телефон соғып, "қаржы полициясы қылмыстық іс қозғағандықтан үйге келе алмайтынын, әзірге жасырыну қажеттігін айтқаны" туралы хабар келген.

"Нұрбанктің бұрынғы басшысына қоятын сауалымыз көп. Қазіргі кезде оннан астам адам, оның ішінде Ж.Темірәлиев, Хасенов, Боразбаев, Абдуллин т.б азаматтар тергеуге келуден жалтаруда. Аталғандардың жүргізушілері де жасырынып жүр, оларға техникалық сұрақтарымыз бар",-деді В.Курбатов.

Қаржы полициясы бастығының айтуынша , қазірде "Нұрбанк" АҚ бұрынғы бастығының қатысуымен қаржылық қитұрқылықтармен айналысқан 40-тан астам мекеме" тексеріліп жатыр. Ал Нұрбанктің өзінде "қазіргі басшылық тарапынан түскен арыздың көлемінде ғана" тексерістер жүргізілуде. "Біз Гылымовтың, Хасеновтың және Темірәлиевтың үстінен қылмыстық іс қозғауға негіз болатындай дәлелдерді жинадық",-деді В.Курбатов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны