26.09.2012, 14:26 2821

Жеке нотариустардың ескі үлгідегі мөрлері биылғы 29 қыркүйектен жарамсыз деп танылады

Ағымдағы жылдың 31 тамызында Қазақстан Республикасы Иділет министрінің "Нотариаттық іс-жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Иділет министрінің 31.01.2012 жылғы №32 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" №309 бұйрығымен Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген жеке нотариустар мөрінің эскизі мен сипаттамасы бекітілді. Бұл жайында ҚР Иділет министрлігінің мәліметтерінде хабарланған.

Астана. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today - Жеке нотариустардың ескі үлгідегі мөрлері биылғы 29 қыркүйектен жарамсыз деп танылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Ағымдағы жылдың 31 тамызында Қазақстан Республикасы Иділет министрінің "Нотариаттық іс-жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Иділет министрінің 31.01.2012 жылғы №32 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" №309 бұйрығымен Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген жеке нотариустар мөрінің эскизі мен сипаттамасы бекітілді. Бұл жайында ҚР Иділет министрлігінің мәліметтерінде хабарланған.

Аталған бұйрық ағымдағы жылдың 29 қыркүйегінде күшіне енеді.

Осыған орай, жеке нотариустардың ескі үлгідегі мөрлері биылғы 29 қыркүйектен жарамсыз деп есептеледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны