07.03.2007, 15:24 3266

Жеке тұлғалар электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне қатысу үшін "электрондық үлгімен қойылған қолды" наурызда ала алады

АСТАНА. 7-наурыз. Kazakhstan Today. Жеке тұлғалар электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне қатысу үшін "электрондық үлгімен қойылған қолды" үстіміздегі жылдың наурызында ала алады. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының "электрондық үкіметі" веб-порталының жаңа үлгісінің тұсаукесері барысында "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқармаларының төрағасы Батыр Маханбетажиев мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Жақын арада, осы айда, "электрондық үкімет" порталына жеке тұлғаларға электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне қатысу үшін қажетті "электрондық қол қоюдан" тұратын электрондық-сандық сертификаттар ұсыну регламентін енгіземіз",- деді Б. Маханбетажиев.

Оның айтуынша, азаматтарға электрондық-сандық сертификаттар ұсынатын жоба пилоттық сипатта, ал сертификаттар "алдағы жарты жылда тегін" беріледі. "Сертификаттарды одан әрі беру процедурасы ұлттық куәландыру орталығы пайдалануға берілгеннен кейін ғана бекітіледі. Бұл орталық сертификатталғаннан кейін осы жылы жүзеге асады деп жобалануда",- деді "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-ның басшысы.

"Бұдан кейін сертификаттар халықаралық тәжірибеге сай ақылы беріледі, сертификаттың төлемі жылына бір рет төленеді. Яғни, көлемі кейінірек анықталатын жыл сайынғы төлемді енгізе отырып, сіз бір рет қана өзіңізге берілген электрондық қолды әрбір келесі жылға пайдалану құқығын ұзартып отырасыз",- деп түсіндірді ол.

Б. Маханбетажиев азаматтарға берілген электрондық қол "шенеуніктермен тікелей қатынаспай, сондай-ақ мемлекеттік органдарға барып уақытын зая кетірмей", "электрондық үкімет" порталы арқылы қандай да бір мемлекеттік органға сұрау салу, рұқсат немесе анақтамалық құжаттар алуға мүмкіндік беретіндігін түсіндіріп өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны