05.06.2014, 19:48 2665

Жемқорлық арқылы келген 157 млрд теңге шығын қайтарылды - Қаржы полициясы

2013 және 2014 жылдары жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы тұру нәтижесінде шамамен 157 млрд теңге шығын қайтарылды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Экономикалық қылмыс пен жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.

Алматы. 5 маусым. Kazakhstan today. 2013 және 2014 жылдары жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы тұру нәтижесінде шамамен 157 млрд теңге шығын қайтарылды. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде ҚР Экономикалық қылмыс пен жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Марат Ахметжанов мәлімдеді.

"2013 және 2014 жылдары жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы тұру нәтижесінде шамамен 290 млрд теңге шығын қайтарылды. Соның ішінде 157 млрд теңге іздестіру шаралары барысында иелеріне қайтарылды", - дейді М.Ахметжанов.

Оның айтуынша, биылғы жылдың 5 айында 5 мыңдай қылмыс тергелген.

"2013 жылы біз 10 мыңнан астам қылмыстың беті ашылып, тергелді. Ал биылғы жылдың алғашқы 5 айында бұл көрсеткіш шамамен 5 мыңды құрап отыр. Солардың арасында 27%-ы ауыр және өте ауыр деңгейдегі қылмыстар. Ал 65 пайызы экономикалық қылмыс болса, 21-і жемқорлық фактілері болып табылады", - дейді ол.

Сонымен қатар, оның мәліметінше, өткен жылдан бастап бүгінге дейін түрлі деңгейдегі шамамен 300 жетекші қылмыстық жауапкершілікке тартылып, солардың 22-сі республикалық мәнге ие болса, 83-і облыстық, қалғандары аудан мен қала деңгейіндегі қылмыстар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны