23.01.2009, 18:27 3205

Жемқорлық бойынша Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары алдыңғы орында тұр - Бас прокуратура

Жемқорлық бойынша Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары алдыңғы орында тұр - Бас прокуратура

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Жемқорлық бойынша Оңтүстік және Шығыс Қазақстан облыстары алдыңғы орында тұр. Оларда сәйкесінше 249 және 173 дерек тіркелген. Бұл туралы бүгін прокуратура органдарының 2008 жылғы жұмысының негізгі қорытындыларына арналған баспасөз мәслихатында ҚР Бас прокурорының орынбасары Рахымбек Мамырбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Исіресе президенттің жолдауына және Қауіпсіздік кеңесі отырыстарында айтылған тапсырмаларына байланысты прокуратура жемқорлықпен күрес мәселесін ерекше назарында ұстап келеді",- деді ол.

Өткен жылы ғана прокуратура органдары осы мәселеге қатысты 2 379 тексеру жүргізді. Олардың нәтижелері бойынша 564 наразылық қанағаттандырылып, 2 мыңнан астам ұсыныс қаралып, олар бойынша заң бұзушылықтарды жою жөнінде тиісті шара қолданылды. Бір мыңнан астам заңсыз актілер тоқтатылды, яки өзгертілді.

Бұл ретте жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2 543 адам - тәртіптік, 371 адам әкімшілік, яғни барлығы 3 мыңға жуық адам жауапкершілікке тартылды.

Қылмыстың осы түрі бойынша 18 қылмыстық іс қозғалып, олар бойынша 26 адам сотталды. Мемлекетке келтірілген 110,2 млн теңге қайтарылды.

Ең жиі кездесетін жемқорлық түрлері мыналар: қызметтік жалғандыққа байланысты әрекеттер, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салу, қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану, пара алу және беру.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны