13.04.2015, 14:04 3869

Жеӊістіӊ 70 жылдығы құрметіне өткізілетін парад үшін топтық ұшуларға дайындық басталды

Жиынға авиациялық техниканыӊ 7 бірлігі қатысуда. Оныӊ құрамына С-295, Ан-72, Ан-26 ұшақтары және ұшу-көтеру құрамыныӊ 33 әскери қызметшісі тартылған.

Астана. 13 сәуір. Kazakhstan Today - Балқаш қаласыныӊ маӊында орналасқан 53898 әскери бөлімініӊ базасында ҚР ҚК ИҚК Искери-әуе күштерініӊ әскери-көліктік авиациясы ұшу құрамыныӊ жиыны басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жиынға авиациялық техниканыӊ 7 бірлігі қатысуда. Оныӊ құрамына С-295, Ан-72, Ан-26 ұшақтары және ұшу-көтеру құрамыныӊ 33 әскери қызметшісі тартылған. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Бұл жиынныӊ мақсаты - экипаждарды топ құрамында үйлесімді ұшуға дайындау. Олар Ұлы Отан соғысындағы Жеӊістіӊ 70 жылдығына арналған әскери парадта сап түзеп ұшатын болады.

Жиын ҚР ҚК ИҚК Искери-әуе күштерініӊ қолбасшысы басқармасындағы тәжірибелі нұсқаушы ұшқыштардыӊ жетекшілігімен өткізілуде. Нұсқаушы ұшқыштар жас буынмен өздерініӊ бай тәжірибесімен бөліспек.

Жиын барысындағы ұшулар бірнеше ұшақтан құралған топпен еӊ төмен биіктікте, парадтағы ұшуларға барынша ұқсас жағдайларда орындалып, онда ұшқыштар өз шеберліктерін қосымша пысықтай түсетіндіктерін атап өткен жөн.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны