16.05.2014, 20:52 3377

Жер қойнауын пайдаланушы мамандарды даярлауда міндеттемелерді арттыру керек

"Сондықтан да аты аталған заңға жер қойнауын пайдаланушылардың мамандар даярлаудағы міндеттемелерін арттыруды ұсынамын. Бұл компаниялырдың өз бетінше еш қорқынышсыз ТжКБ саласын дамытуға инвестиция салуына мүмкіндік береді", - деп А. Айдарбаев түйіткілді түйіннің шешімін де атап өтті.

Алматы. 16 мамыр. Kazakhstan today. Бұл ұсынысты бүгін парламенттік тыңдауда Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев жасады. Оның айтуынша, заңнамада көрсетілген жер қойнауын пайдаланушылардың мамандарын даярлаудағы міндеттемелерді арттырған жөн.

" "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" ҚР заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдаланушылар әр келісім шарт қызметі бойынша табысының 1% көлемінде қаражатты мамандарды даярлауға бөлуі тиіс. Көптеген жер қойнауын пайдаланушылар бұл қаражатты әлеуметтік қамтамасыз ету түрінде пайдаланып, тек қағаз жүзінде қызметкерлерінің балаларының оқуын өтейді. Оның үстіне, олар өздері оқытқан мамандарды жұмысқа да алмайды", - деді сөз басында А.Айдарбаев.

"Сондықтан да аты аталған заңға жер қойнауын пайдаланушылардың мамандар даярлаудағы міндеттемелерін арттыруды ұсынамын. Бұл компаниялырдың өз бетінше еш қорқынышсыз ТжКБ саласын дамытуға инвестиция салуына мүмкіндік береді", - деп А. Айдарбаев түйіткілді түйіннің шешімін де атап өтті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны