18.03.2011, 14:29 5224

Жер серігі арқылы хабар тарататын телеарналардың тізімі бекітілді

Жер серігі арқылы хабар тарататын телеарналардың тізімі бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 18 - наурыз. Kazakhstan Today - Жер серігі арқылы хабар тарататын телеарналардың тізімі бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, премьер-министр Кәрім Мәсімов жер серігі жүйесі арқылы хабар тарататын телерадио хабар тарату ұйымдарының меншік формаларына тәуелсіз отандық телевизиялық тізімдер мен радио бағдарламаларды бекіту туралы Қазақстан үкіметінің қаулысына қол қойға.

Қаулының мәтіні бүгін "Казахстанская правда" газетінде жарияланды.

Тізімге 25 қазақстандық телеарналар мен радиолар кірді. Телевизиялық арналардың қатарында мыналар бар: Хабар, Ел арна, Қазақстан, Еуразия бірінші арнасы, МИР, Балапан, 31 арна, КТК, НТК, Таң, 7 арна, СТВ, Астана, Caspionet, Hit TV, MuzZone. Тізімде сондай-ақ Қазақ радиосы, Шалқар, "Астана", "Тенгри FM", "Деловая волна" радиолары бар. "Қазақстан" телеарнасының облыстық филиалдары да тізімге енгізілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны