01.12.2016, 17:26 4078

Жер телімдерін бәс саудаға шығару арқылы Оӊтүстік Қазақстан облысы орталығыныӊ бюджетіне өткен жылы 792 млн теӊге құйылған

Шымкентте жер телімдерін бәс саудаға шығару арқылы бюджетке түскен қаржы былтырғыдан 10 пайызға артқан. Оӊтүстік Қазақстан облысы орталығыныӊ бюджетіне өткен жылы 792 млн теӊге құйылса, осы жылы 1 миллиард 58 миллион теӊгеге кіріс кірген.

Шымкент. 1 желтоқсан. Kazakhstan Today - Ел аумағында бос жатқан жерді жалға беру арқылы бюджет қомақты пайда тауып отыр. Шымкентте жер телімдерін бәс саудаға шығару арқылы бюджетке түскен қаржы былтырғыдан 10 пайызға артқан. Оӊтүстік Қазақстан облысы орталығыныӊ бюджетіне өткен жылы 792 млн теӊге құйылса, осы жылы 1 миллиард 58 миллион теӊгеге кіріс кірген, деп хабарлайды Kazakhstan Today Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Сатылымға түскен телімдердіӊ басым бөлігі қалаларда орналасқан. Жекеніӊ қолына өткен жер телімдері негізінен тұрғын үйлер құрылысына берілген. Жергілікті шенеуніктердіӊ ақпарынша, Шымкент қаласында 2004-ші жылдан бері 83 мыӊ адам жер алуға құжат тапсырған. Дегенмен, елдімекендерде бос жатқан жерлер көп. Мәселен, 2014 жылы өткізілген түгендеу кезінде Шымкентте 3,5 мыӊ гектар аумақ бос жатқаны белгілі болған. 700 гектар тұрғын үй құрылысы үшін жарамды жер бар. "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша сол жерлерге инфрақұрылым тартуға қажетті қаржы көзі қазір есептеліп жатыр.

Облыстық әкімдіктіӊ Қазақстан Республикасы Президентініӊ 5 институтционалды реформасын жүзеге асыруға бағытталған "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ әртараптандыруға негізделген индустрияландыру және экономикалық өсу тарауыныӊ 35 және 36 тармақтары бойынша жерге қатысты тапсырмалардыӊ орындалуы бойынша ақпаратына жүгінсек, ондағы 36-қадам: "Жер телімдерін мақсатты пайдалану түрін өзгертуге рұқсат алу рәсімдерін жеӊілдету. Ауылшаруашылық жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу. Барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру" деп аталады.

2016 жылы барлық аудан, қала әкімдіктерінде жер түгендеу комиссиясы құрылып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстарыныӊ нәтижесінде жалпы облыс бойынша 2348 агроқұрлымдардыӊ иелігіндегі 172 063,29 га (оныӊ ішінде жалпы егістік -59 555,64 га, оныӊ ішінде суармалы егістік - 14 161,48 га, жайылым 111 038,65 га, шабындық - 1 469 га), жерлері нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқандығы анықталды.

Оныӊ ішінен, 1003 жер пайдаланшылардыӊ иелігіндегі 58 103,84 га жерлердіӊ құжаттары дайындалып, шара қарастыру мақсатында облыстық жер инспекциясына жолданды.

Кәсіпкерлік мақсатына берілген жерлерге жүргізілген түгендеу жұмыстарыныӊ нәтижесінде 560 жер пайдаланушылардыӊ иелігіндегі 241,646 га жер нысаналы мақсатына сай пайдаланылмай жатқандығы анықталып, бүгінгі күні 449 жер иелерініӊ иелігіндегі 109,097 га жерлердіӊ құжаттары шара қарастыру мақсатында облыстық жер инспекциясына жолданып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны